Бәленің басы күшіктен
1 мин оқу
Екі жігіт дос болыпты. Бір күні екеуі сырласып отырып бір-бірінен неден қорқатындықтарын сұрасыпты.
—Сен дүниеде неден қорқасың?—депті біріншісі.
—Мен кедейліктен, аурудан, ажалдан қорқамын. Ал өзің неден қорқасың?—депті екіншісі.
—Мен иттің күшігінен қорқамын.
—Қорықпас келін қой басынан қорқады деп, иттің өзі тұрғанда кісі күшіктен де қорқа ма екен?—дейді екінші жігіт.
—Ойбай-ау, бәленің басы сол күшіктен шығады ғой. Үйге жақындғаныңда күшік шәуілдеп үреді, сөйтіп басқа иттерді дүрліктіреді,—депті бірінші жігіт.