Батшағар, саудагерде де иман жоқ
1 мин оқу
Ертеде Арқаның бір қазағы Ташкентке барады. Бір саудегер мейіз сатып отыр екен. Қазақ мейіздің сабағын көріп:
—Саудагер пайда десе ерінбейді-ақ екен ғой, таразыға ауыр болсын деп жалықбай осының бәрінің құйрығына біртіндеп шөп тығып шыққанын қарашы!—депті.