Қап жоғалтпақ, арқан жоғалтпақ
1 мин оқу
Ертеде бір аңқау базарға барып, апарған арқандарын, қаптарын ұрлатып жұрдай болып қайтыпты. «Жалғыз жоғалтқан мен десем әйелім ұрсып жүрер, жұрттың көбі-ақ қабы мен арқандарын жоғалтты дейін» деп ойлапты. Үйіне келген соң әйелі:
—Базар қалай болды?—депті.
—Базары құрысын: қаптап жүрген қап пен арқан жоғалтқандар,—деп күмілжіпті.