Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырда адам нанды жатып жейді

1 мин оқу

Баяғыда бір Сыр қазағы жұмысы болып, арқа еліне барыпты. Онан жұрт:

—Сіздің елде тұрмыс, күнкөріс қалай?—деп сұрайды.

—Біздің елдің тұрмыс жайының несін айтайын: ондағылар нанды жатып жейді,—депті.

Бұған қызығып нанды еңбексіз жатып жегісі келген Арқаның бір қазағы Сырға ауады. Сырға келіп жұрт қатары диханшылық қылады: таңның атысы, күннің батысы ыстық күнге күйіп, жанталасып тынымсыз жұмыс істейді, әбден шаршап титықтайды. Алдындағы асын отырып ішуге шамасы келмей, жатып ішеді. Сонда ол:

—«Сыр адамы нанды жатып жейді дегені осы екен ғой»— депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз