Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарадөң (2-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 4 мин оқу

Сонда жиналған көптің ішінде бір бек бар еді, ол сөйледі:

—Мен бес жылдай оның әкесі—ханның қасында жүріп едім. Әкесі ел билеген хан еді, ақылы көп жан еді,—деп ханның сөзін қостады.

Сонда хан айтты:

—Осы Қарадөңді сынап көрейік,—деді.—Жақсылық шамасын байқап көріңіз,—деді.

Қарадөң сонда күледі,
Өксіп-өксіп жылайды.
Жылайды да, жырлайды:
—Мен бір жетім бала едім,
Жалғыз жүрген жан едім.
Таба алмасам парқыңды,
Біле алмасам қалпыңды,
Көптің бабын таба алмай,
Мен ойлаймын артымды.
Айналайын, көп халқым,
Оя көрме көзімді,
Тыңда менің сөзімді,
Өлтіресің бе өзімді?
Қымбатты артық бабамыз,
Жел болған күн панамыз,
Жау келген күн қаламыз,
Мені ілгері бастырып,
Қорлыққа бермей қараңыз.
Сонда қартың сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
—Қарадөң қойған атыңды,
Асыл туған затыңды.
Сыйлап саған билікті,
Берейін деп отырмын,
Тыңдаңыз, халқым, сөзімді.
Айтып саған бәрін де,
Қасында өзім тұрайын,
Бітпейтұғын іс болса,
Өз халқымнан сұрайын.
Бірігіп кеңес құрайын,
Қыдырып бір-екі жыл қасыңда,
Өзім жолдас болайын.
Есіткен соң бұл сөзді,
Қарадөң бала тебіренді.
Қоймасын ақыр білген соң,
Мақұлдап бала, алады.
Тарқаған соң кеңестен
Атасымен ол еріп,
Үйге сонда барады.
Атадан тақты алған соң,
Қарадөң ойға қалады.

Екі-үш күн өткен соң атасына келіп:

«Ай, ата, мен де жалғыз бала едім. Жалғыз болсам да, халықтың ойы жеңді ғой. «Жалғызбын» деп отыра берем бе? Қараменде деген Қалмаққа барайын, соны шауып алайын,— деді. Ер қаруы—бес қаруды асынып алып, басына дулығасын киіп, қара тұлпарды ерттеп мініп, жүріп кетеді.

Қарадөң бала жөнеді,
Сол қалмаққа бармаққа,
Қалмақтың елін алмаққа,
Барып, ойын салмаққа.
Тәуекел етіп, жол жүрді,
«Алыс та болса, жетем» деп,
Күні-түні жол жүрген,
Есебі жоқ мол жүрген.
Көрмеді жанның қарасын,
Жалғыздық сонда білінді.
«Жапанда жалғыз мен,—деді,
Қыбырлаған қара көрмеген,
Тек жалғыз қалдым өлмеген.
Ен майданға шыққан соң,
Сонда көңлім сүрінді.
Жараттың, Алла, өзімді,
Аштырған соң көзімді,
Көрсеттің жақсы-жаманды.
Дүниеден екі рет
Шешекемнен айырып,
Зарлаттың, Алла, өзімді.
Табаным жерге тие алмай,
Жығылдым талай жерлерге.
Бір күндері болғанда,
Екіге жасым толғанда,
Әкемнен тағы айрылдым.
Қайран атам жоқ еді.
Тәуекелге бел байлап,
Найза ұшына ту байлап,
Жалғыз да кетіп барамын,
Біз секілді ерлерді,
Қаңғырып жалғыз жүргенде,
Есіңе ал біздерді.
Көрмеген қиғаш жерлерге,
Шығайын деп белдерге,
Астымдағы Қара атым
Шапқан сайын зулайды,
Жануар да қанатты—
Алдынан қашқан бұлан мен
Ақбөкендей аңдардың
Біреуін де қоймайды.
Жалғаншы деген бұл зұлым,
Талайларды алдаған,
Жалғыз жүріп жапанда
Қалай жұмыс етермін?!
Он беске жасым толғанда,
Талаптанып жол шықтым,
Аз ғана емес, мол шықтым,
Бір мезгілде қашан жетермін».
Бір уақытта түн болды,
Түн артынан күн болды.
Дамылсыз шауып келеді,
Қара ат-тағы піл болды.
Төрт аяғын тең басып,
Ұшқан құспен теңесті.
Шаршасын ба жануар,
Шапқан сайын бұл өсті.
Қос тепкіні салғанда,
Жымитып құлақ алғанда,
Атына көңлі толығып,
Өзіне өзі кеңесті:
«Жан серігім—Қара атым,
Қолымдағы болатым,
Үстіңдегі Қарадөң
Сендерге де сын болды.
Жалғыз шықтым елімнен,
Туып-өскен жерімнен.
Жалғыз жетім қалғанда,
Қарт атама бала боп,
Мұндай күйге жеткенде,
Ала алмасаң жауыңды,
Саған да, батыр, мін болды!».
Ен даладан өткенде,
Қалмаққа жақын жеткенде,
Көңлі өсіп батырдың,
Ентеленіп ол жүрді.
Жақындап кеп, қараса,
Алыстан үлкен шаң көрді.
Шаң ішінде будақтап
Келе жатқан жан көрді.
Шаңға қарай ол жүрді,
Жақындағанда ол шаңы,
Топырлаған көп жан көрді.
Бөлінбеді шамасы,
Ашылмады арасы,
Шаң мен жанды көргенде
Сонда тұрып қамықты:
«Ана менен атадан
Қылып жұрдай қойғаның,
Жетім қалып жасымнан.
Осы ма еді дүниеде
Екі көзбен көргенім?!
Дін мұсылман елдерім,
Шағалалы айдын көлдерім,
Көңірсіген құба дөңдерім,
Егер мынау жау болып,
Алла жәрдем бермесе,
Сөндіргей жаудың оттарын,
Күлін көкке ұшырып,
Дарытпағын оқтарын.
Осы егер жау болып,
Жау қолында мен өлсем,
Ата менен туған анам жоқ,
Қысылсам—көмек беретін.
Анамнан туған ағам жоқ,
Білмеймін кімнің жоқтарын.
Не болса да, көнемін,
Қылды Алла, шарам жоқ.
Ен далада жалғызбын,
Қара аттан басқа қарам жоқ.
Қасымда жоқ жолдасым,
Осындай қиын тар жолда
Алланың өзі қолдасын!».
Жаудың көрді қарасын,
Көрінді оның шамасы.
Жақындап келіп қалыпты
Жиналған қалмақ баласы.
Жалғыз тұрған қараға,
Тобын жазбай көп қалмақ,
Қараменде бас болып,
Қарадөңдей келді балаға.
Келе сонда Қараменде сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
—Әй, жас бала, жас бала,
Жоқ жолдасың қасыңда,
Ақылың жоқ басыңда.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз