Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бөген батыр (9-бөлім)

Бөген · І. Нұрмағамбетов нұсқасы (І үлгі) · 2 мин оқу

Бұл қалталы Қарайманды өлтірген соң, манағы он мың қалмақтарды қуып жетіп, бәрін жиып алып:—Ақборықты тап,—дейді. Бірақ қызды әскерлер таба алмайды, сонысына ашуланып бәрін де қырып тастайды. Енді әскерді қырып болып, Ақборықты іздейді, дүниені шарлап таба алмайды. Сөйтіп жүріп бетпақтың шөліне келе жатқанда, Шұбар ат шөлдеп жүрмей қалады. Шұбар ат жүрмеген соң, ашуланып, иыққа салып көтеріп жүре береді.

Ендігі хабарды Ақборықтан естіңіз. Ақборық шыңырауда жатып Қарасүйменге айтты:—Маған зәбір бердің, түбінде мен саған тиемін ғой, мені жарық дүниеге шығар, күнді, айды көрейін,—деді. Бұл сөзін Қарасүймен қабыл етіп, шыңыраудан шығарды. Қамыстан күрке жасап, оған Ақборықты отырғызады. Қарасүймен жақын жердегі суға қармақ салып, балық аулап тамақ етіп, күнелтіп жүре береді.

Бір күні балықтың ішек-қарнына бір қара құс келіп қонды. Ақборық құсқа айтты:—Қарайманның қызы Ақборық едім, мені Қарасүймен алдап алып кетті, ноғайлының елінен Бөген батыр мені іздеп келіп, таба алмай кетті, осы күні қайда жүргенін білмеймін, ахиреттік дос болайын, сол Бөгенге хат берейін, соны тапсыр,—деді. Қарақұс айтады:—Қырық күннен бері тамақ ішкен жоқпын, тамақ ішейін, қағазыңды жаз, тапсырамын,—деді. Содан Ақборық көзінен аққан қанымен хат жазып, қарақұстың қанатына байлап жіберді. Қарақұс дүниені айналды, таба алмады, шөлдеп арып-ашып, жерден әзер ұшып келе жатқанда, әлсіреп құлап қалды. Дем алып болып иен далада ұшып келе жатқанда, бетпақ далада бір қараны көрді. Келіп қараса, атының төрт аяғын буып, арқалап келе жатқан Бөген батыр екен. Қарақұс жақындап келгенде, Бөген батыр атайын деп келе жатқанда, қарақұс қанатындағы қағазды лақтырып тастап, анадай жерге барып қонып отырды.

Бөген қағазды қолына алып, Ақборық жазғанын білді. Хатындағы айтқан сөзі: «Алты айшылық жол дария... уәделескен жерімде бір күнді кем айтқан екенмін, сізден бір күн бұрын келдім, түнде көзімді байлап атқа мінгізіп қызылбас Қарасүймен алып кетті». Оны түсте білдім, бірақ атым әйел ғой, еріп жүре бердім. Ештеңе қолымнан келмеді» деп. Бұл хабарды естіген соң Бөген батыр налып, әрі-бері отырып Шұбарға мініп жүріп еді, ат жүрмеді. Сонан кейін Шұбар атты аунатыпқуантып, оттатып атына мініп алып жүре берді.

Бірнеше күн өткеннен кейін, алдынан бір көк тау көрінді. Қасына жақындап келсе, тау емес, жылан болып шықты. Жылан балаға айтты:—Қайда барасың, қайдан келесің?—деді. Бөген батыр тайынбай:—Іздеп келе жатқан жоғым бар, соған келемін»,—деді. Жылан Бөгенге:—Өлесің, одан да қайт!— деді. Бала:—Жоғыма барамын, жолымды аш!—деді. Бұл уақытта жылан баланы орап ала бергенде, бала қысылып, өлетін жылқыдай қырылдай берді. Бөген батыр қысылып өлер болғансын, батыр бабасына сиынып: «Я бабам! Бір жыланнан жазым болып өлемін бе? Күшімді жиып Шұбар атпен Қиғашта ұрыса алмай өлгенім бе, бабам, ілгегімді ағыт» дейді. Бұл уақытта сиқырлы жылан болып келген Қарасүймен екен, сиқыры жазылып, жылан сылқ етіп құлайды. Ілгек деген сол жыланның аты екен. Жылан құлағаннан кейін, Бөген батыр жыланның алты басын кесіп, бір басына әлі келмей шала тастап кетеді. Жыланды өлтіргеннен кейін күн жарым өткесін, оның күрке-сарайына келіп қалады. Күркенің сыртына келіп, Ақборыққа айтқан сөзі:

Тағы оқыңыз