Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бөген батыр (2-бөлім)

Бөген · І. Нұрмағамбетов нұсқасы (І үлгі) · 3 мин оқу

Сол уақыттар болғанда,
Ноғайлының қырық бала
Енді тұрып кеңесті,
Кеңескенде не десті:
—Ой, мына Жанайдың жалғыз баласы
Тумай кеткір, ант ұрған
Күн көрсетер болмады!
Жантекейге баралық,
Құлағына салалық,
Бұл жалғыз итті өлтіріп,
Мөкесіне келтіріп,
Асықты қолға тигізіп,
Осылай кекті алалық.

Жүгіріп балалар кетеді,
Бірі тұрмады кідіріп.
Ашып көзі жұмғанша,
Айтып сөзді тынғанша,
Жантекейге келеді,
Келе сәлем береді.

Әлқисса, Жантекей мың қой бағып жүрген ноғайлының Ақшахан деген ханының қойшысы екен. Ал Ақшахан Жанай шалмен жеті атасынан бері қас екен. Соның үшін Жанайдың жалғыз баласын өлтірмекші болып: «Өзі батыр ғой, Жантекей өлтірер» деп, қырық бала жолына бастады.

Қырық бала келген соң,
Алдынан шығып Жантекей,
Сәлемін қабыл алады.
Сәлемдесіп болған соң,
Сонда балалар сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Ай, айналайын ағеке,
Біз күн көретін болмадық!
Аяқты қия бастырмайд
Тумай кеткір, антұрған,
Жанайдың жалғыз баласы.
Үшқуыс деген салаға,
Айтатыр деген далаға
Асық ойнап барады.
Ісінің бәрі тентектік,
Ойнап жүрген асықты
Ұтқанын ұтып алады,
Ұтпаса тартып алады
Жұдырықпенен бір қойып.
Асығымды бер десең,
Әрқайсымызды бір қойып,
Ұрып-жығып салады.

—Ал, енді сол баланы өлтіріп берсең ахиретте дос баламыз,—деп қорқып жылайды екен қырық бала Жантекейге жалынып-жалбарынып. Еңірегенде көз жасымен етегі толып:— Ахиреттік дос болалық, сол баланы өлтір,—дейді.

Осыны айтып қырық бала,
Көзінің жасы көл болды.
Сонда тұрып жылайды,
Шыбындай жанын бұлайды.
Балалардың сөзіне
Ақылы жоқ Жантекей
Жылағанға шыдамай,
Тақырға қарай жүгіріп,
Оймақтай аузы жарылып,
Бір тұрмайды кідіріп.
Екпінімен Жантекей
Тақырға салып келеді.
Жанайдың жалғыз баласы,
Көзінің ағы, қарасы,
Ақ тақырдың үстінде
Төбедей болып тұр екен.
Жантекейдей ағасы
Үстіне жетіп келген соң,
Тұра сәлем береді.
Жантекейдей ағасы
Сәлемін қабыл алады.

Екеуі амандасып болғаннан кейін, Жанайдың жалғыз ұлы Жантекейге:—Аға, асық ойнайық,—деп тілек етеді. Жантекей сонда тұрып айтады:—Қандай ойын ойнайсың?—дейді. Бала:—Жасың үлкен ағасың, көрсет ойынды,—дейді. Жантекей сонда:—«Сақа салды» деген ойын бар, «қып-қызыл шұнақ

28-310 төбелес», «шертпелік» деген ойын бар, олай-былай жүгірген, жеңін түрінген, біз секілді ағаңның абыройы көрінген. «Тұрған алды» деген ойын бар, тұрғанымыз алайық, кел, тақырға барайық. Бала:—Жақсы болды, аға,—деді де, екеуі «тұрған алдыны» ойнады. Жантекей тазшаның алтындап, қырын майдалап қойған киіктің қу шүкейті бар екен, екі жағын типылдап тақырға салғанда, ешбір жатпайды, алшы мен тауа тұра береді. Бұл шүкейтпен Жантекей баланың алтындаған сақасын, күмістеген кенейін, барлық асығын ұтып алды, онымен қоймай:

—Асық-асық алдырар,
Ұтылып қалған баланың
Екі көзі жаудырар,—

деп, баланы мазақтап жүре береді.

Сонсын бала ойлайды,
Ойласа ойға тоймайды.
Не қыларын білместен
Үйге қайтты жүгіріп,
Етек-жеңін түрініп.
Үйге келіп ентігіп,
Тоғыз қабат сарайда
Тұрушы еді шұбар тай
Мінуге сайма-сай.
Ерттеуге асығып,
Мойнына белбеу салады.
Қамшыменен қақпалап,
Жайдақтай мініп алады.
Шұбар тайды тулатып,
Манағы кеткен ағасы
Жантекедей тазшаның
Соңынан қуып барады.
Қарасын көрді тазшаның,
Көшеден көше қыдырып,
Етек-жеңін түрініп,
Баратыр екен жүгіріп.
Ағасын бала көрген соң,
Жалмауыздай емініп,
Тайшұбарды тебініп,
Қасына келді желігіп.
Келе сала сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Айналайын, ағатай,
Көшеден-көше қыдырып,
Баратырсың жүгіріп.
Артыңнан келді ініңіз,
Тұрмаймысың кідіріп.
Малды баққан малшы бар,
Есікте жүрген жалшы бар,
Арада жүрген дұшпан бар,
Басы-көзін қысқан бар.
Анадан туған екі көз
Бірін-бірі елемес.
Аға қылдың келемеж,
Осы ісің жөн емес.
Біздікіне жүріңіз,
Менімен дос болыңыз,
Самауыр шай ішіңіз.
Өтінемін, ағеке,
Ноғайға қылмай келемеж,
Алтын сақамды беріңіз.
Ақылы кеміс қу тазша
Тыңдамады ол сөзін,
Жүгіре берді далаға.
Тағы да бала сөйлейді:
—Ай, айналайын, ағеке!
Менімен дос-ты болыңыз,
Төрт түлік малымның
Бір түлігін алыңыз,
Алтын сақамды беріңіз!

Тағы оқыңыз