Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шаябай (аңыз-дастан) (2-бөлім)

Аңыздық жырлар · 3 мин оқу

Жеңді ол жекпе-жекте батырды бір,
Ол қатты Шаябайға ақырды тіл.
Ер еді ел намысын жүрген қорғап,
Айласын асыра алмай, шатылды бұл.

Өткізіп өңменінен Шаябайдың,
Түйреді сөзіменен аямай тым:
—Ит пе едің айтаққа ерген, арсыз нәлет,
Тек жатқан елді қырып, аямайтын.
Сен бе едің Қоңтәжінің қолшоқпары,
Қан ішер, қара ниет ел сотқары?!

Құл ма едің бас еріктен айырылған,
Басыңа кигізіп ед кім ноқтаны?
Кедейсің, кейпіңнен-ақ тұрмын танып,
Жерімді ойрандадың қырғын салып.

Ішерге ас, жайлауға жер жетпеді ме,
Жарымай ел тонаған сен бір ғаріп.
Қашаннан қаныпезер хан тұқымы,
Нысапсыз дүние мен малдың құлы.

Жемтіктес жебірлермен, арсыз құзғын,
Сен үшін түкке тұрмас ардың құны.
Кедей ем күнін көрген жалғыз үйлі,
Тегімнен бай емес ем малды, күйлі.
Ер едім азаттыққа ту ұстаған,
Түсірдің қапылыста сен қанқұйлы.

Титтей де өкінбеймін өлгеніме,
Бар қызық ризамын көргеніме.
Қан төктім елім үшін, арманым жоқ,
Ешқандай қарызым жоқ ертеңіме.

Бұйырды туған жердің топырағы,
Бақыт қой соның өзі, не тұрады?!
Кезі кеп сен де бір күн мерт боларсың,
Қазақтың бар ғой сендік не қыраны.

Бұл күнде түргенімен ел іргені,
Қазақ та қаптап жатқан ел іргелі.
Күн туып қазаққа да, сұм қалмақтың
Басылар су басқандай еліргені.

Ақ берен, алмас қылыш—қазақ халқы,
Қазір де көргенменен азап, талқы.
Қызатын кезі алда бұл ұрыстың,
Болады сендер үшін азап арты.

Қайралған жібере ме елдің кегі,
Енді-енді есін жиды елдің көбі.
Бұйырмай өз жеріңнің топырағы,
Тәніңе киіледі көрдің кебі.

Мен болсам, ұран еттім азаттықты,
Сен болсаң—адам жегіш тажал түкті.
Жүрсіңдер елірткенге босқа әуре боп,
Қалмаққа құл болмайды қазақ тіпті.

Жарлысың сен де мендей сөзді ұғарға,
Ақырғы сөзімді айтам көз жұмарда.
Жалғыз-ақ орында, сен, қоям сауал,
Жерлерсің өз қолыңмен анау жонға.

Шаябай тыңдап тұрған бұл сөздерді,
Шарт сынып найзағайдай күрт өзгерді.
От-жалын өртеп өтіп жүрек тұсын,
Сөзіне есіл ердің ол төзбеді.

Бұлдырап өткен өмір елестеді,
Жер-суы, туып-өскен белестері.
Жалт етті сүйген жары көз алдынан,
Мақсаты кісі өлтіру егес пе еді?

Тұрғандай қарғап-сілеп ата-анасы,
Ауылдас, кедей-кепшік, баталасы.
Бәрі кеп көзге шұқып жазғырғандай,
Ісінің айқындалды шаталасы.

Шаябай қайран ерге қансыраған,
Сауалға жауап қатты ол сұраған.
Тер саулап өн бойынан жан қиналды,
Зіл басқан ауыр ойлар жаншылаған:
—Ей, батыр, егілдірді сөзің мынау,
Ақпайды неге шыққыр көзім мынау.
Тұрмастай тас төбемнен Құдай ұрып,
Тірі өлік болып тұрған кезім мынау.

Еріді жүректегі бетер тасым,
Шынымен өлемісің, көтер басың.
Ойымды айқындауың тұманданған,
Өмірі өкінішпен өтер жасым.

Жараны бітеу іште жардың батып,
Тіршілік жоқ денемде, қалдым қатып.
Елі үшін еңіреген ерді өлтіріп,
Тірідей өлім уын алдым татып.

Қоңтәжі момындарды қансыратқан,
Жат елді қырып-жойып жамсыратқан.
Аранға жықты, адастым, айдап салып,
Арылды енді бойым сол сұрақтан.

Күшің де артық екен ақыл-айлаң,
Кеш мені, кеще екенмін, батыр ойлан.
Жер еттің кеудемдегі намысымды,
Кетпейді кекті, өткір сөзің ойдан.

Қалың жұрт, қайран халқым, қалмақ елі,
Адасып қай тығырда қалмақ енді.
Бос екен өткен өмір, енді немен
Орыны өкініштің толмақ енді?!
Хош батыр, ей, адамның арыстаны,
Жаныңда сенің мен жәй барыстағы.
Ел шаппан—енді берер өсиетім,
Жол тартам ел жағыма алыстағы.

Тарылып өтер шақта дүние кең,
Қас батыр хош айтысты дүниемен.
Күбірлеп өзіне-өзі дұға етті,
Әйтеуір, кезігем деп бір Иемен.

Шаябай есіл ерді арулады,
Денесін зіл басқандай ауырлады.
Кім білген бойы босап, тұңғыш рет
Сорғалап көзінен жас сауылдады.

Аңыздық жырлар

Барлығы: 81 аңыз

Тағы оқыңыз