Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Раманқұл мен Жанқожа батыр

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Хиуадан жіберілген Аллақұлы (Бабажанға) Сыр бойының қазақтары үй басына алым-салықтан басқа, аптасына бір қыз және күн тимеген қара қозы беріп тұруға міндетті болған. Ханның бұл әмірін орындап тұратын сенімді көмекшісі Майданның Таттыбай аталығынан шыққан Раманқұл екен. Бір Раманқұл осы жарлықты орындап келуді інісіне тапсырады. Ол бір шаруаның қызын еріксіз тартып алып кетпекші болып жатқанда, Жанқожа батырдың баласы Итжемес келіп қалады. Дау-жанжал болады. Жанжалдың аяғы Итжеместің Раманқұлдың інісін өлтіруімен тынады.

Енді Раманқұл Жанқожадан құн төлеуді талап етеді. Бірақ бір адамның құнына келіспейді. Ол:

—Менің інім жазықсыз. Ханның әмірін орындаймын деп өлді. Сонда төрт адамның құнын төлейсің,—деп қасарысады.

Екеуінің арасына төрелік айтуға Нұрыбай бидің немересі Амандықтың баласы Бекарыстан батыр шақырылады. Бұл мәселені бір ауыз сөзбен шешеді.

—Ей, Раманқұл, сен інің өлгенде молдаларға бір намаз шығарттың ба, әлде төрт намаз шығарттың ба?—дейді Бекарыстан.

—Жоқ, бір намаз шығарттым,—депті Раманқұл.

—Олай болса бір намазға бір құн төленеді.

Раманқұл да, халық та осыған тоқтапты. Бірақ оның бір бау жантағы ішінде кетіпті. Енді Жанқожаның көзін жою Бабажанның негізгі мақсатының бірі болып, ізіне адам салады. Ақмырзаның мойнына тас байлап, Хиуа жендеттерінің суға лақтыруының бір себебі осы екен.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз