Сарыбай мен Шәбден
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Сарыекең дауда сүрінбеген би, әйгілі шешен. Бидің шешендігін сынайыншы деп Шәбден манап бірде қырғыз-қазақ бас қосқан бір жиында төтеден сұрақ қойыпты:
—Қартайған адамның неше түрі болады?—депті.
—Қартайған адам үш түрлі болады. Не дана, не бала, не шала болады адам қартайғанда,—депті Сарыбай.
—Осыны тарқатып айтып бере аласыз ба? Сарыеке,—депті Шәбден. Сонда Сарыбай былай депті:
—Еліңе қадыры асса, дана демей немене, Өсек пенен сөз тасыса, шала демей немене, алжып елден қашса, бала демей немене,—деген екен.