Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қызыл жолбарысты Сарыбай би

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Сарыбай Айдосұлы—Сұраншының үзеңгілес серігі, аса жақсы көретін інісі, қол бастаған батырларының бірі. Оны бүкіл еліне сөзін өткізер көсем деп, дауға салар шешенім деп ғұмыр бойы қасынан тастамаған. Екеуі тізе қосып, атақты Қарқараның жәрмеңкесіне келгенде, Алатаудың күнгей-теріскейіндегі қырғыз-қазақ, арғы жақтағы қалмақ, қытай, ылдидан дұңған, ұйғырлар бүкіл Жібек жолы бойындағы саудагерлер, қалың жұрт түгел өре түрегеліп, қастерлеп, иіле сәлемдесіп, игі жақсылар қақ төрден орын ұсынады екен.

Сұраншының өліміне Сарыбай қатты қиналады. Бүкіл сарбаздарымен Сайрам-Тәшкенттің қан базарына ат ойнатып, қоқандықтарды быт-шыт қылады. Сұраншының сүйегін еліне, Алатауға алып қайтуға қаралы көш ұйымдастырылады. Сонда жол-жөнекей қоңырат, дулаттың атақты адамдары:

—Біз батырларымыздан айырылған қаралы көшпіз, қонақ болып дәм татар уақытымыз жоқ. Сұраншы батырды жерге бермейінше ат үстінен түспейміз,—деп Сарекең ешкімге пейілін бермей, бөрілі байрағына жылқының құйрығын байлап, Сұраншының Ақтұяқ тұлпарын жал-құйрығын күзеп, ер-тоқымын теріс ерттеп, суыт аттанып кете беріпті. Елсіз жерге келгенде ғана аялдап, өздерімен бірге алып шыққан малды сойыс жасап, сонымен ғана тамақтаныпты. Тоқтамай, күн-түн демей еліне келіпті.

Сарыбай би қайтыс боларда Жамбылды шақырып алып, ақ батасын беріп былай деген екен: «Айналайын, Жамбылжан, жасыңда есті тентек едің, ел таныған ақиық ақын болдың, маған өте жақын болдың. Жас кезіңде ел тірлігі бұзылмасын, жаңа ұйыған ел ірімесін деп, Бұрым сұлуыңды алып қашып келгенде, ашығыңнан айырып, саған қиянат жасап едім. Сонда да сыртқа кетпедің, ақ батамды саған бердім. Тек, әттең, басыңа бақ кештеу қонады екен»,—деген екен би.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз