Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылай хан түсі және өлімі (ІІ нұсқа) (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған. Абылай хан ат арқасына мінген соң, қалмақтың бетін қайтарған. Алатаудың бергі жағында, Алтай тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп, күн көріп отыра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай болатұғын. Қалмақты су сепкендей қылды. Орыспен жауласпады, ел болды, шүршітпен жауласпады, ел болды, екеуіне тел болды. Өзіне-өзі әбден келді, кемеліне толды:

—Енді Үргеніш, Бұхара, Қоқан, Тәшкен жағындағы қазақты сартқа билетіп қоймаймын,—деп үш жүздің баласына жар шақыртып, қосын жинап аттанып, Түркістанға барып түсіп, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды отырғызды. Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыдық сұлтан, Әубәкір сұлтан, Әбділда сұлтан—бұл бесеуі сарт қызы—қатынынан туған балалары.

Шымкент, Сайрам барып, оған Әбдірахман деген сартты ие қылды. Тәшкен барып, оған Мырзахмет деген сартты ие қылды. Онан Жызақ үстіне барып, бір қоңыраттың байы қонақ қылып, сол түні оның бір келіні ер ұл тауып (табып), ол баланың атын Абылай қойған. Ол Абылай да өсіп-өніп бір тайпа (тайпы) ел болған. Жер ауып жүрген бір Қайып деген ұрпағына сөйлестік. Онан аттанып барып, Самарқанды қамап тосты (түсті).

Сол түні қасындағы қариясы Бұқар жырауға:

—Бүгін сәуе (сәуле) көріп бер!—депті.

—Мен де қарап жатпан, хан сен ғой, өзің де болжай жатқайсың,—депті. Ертең таң атқан соң, қария ханына көрініске келгенде:

—Не көрдің?—депті.

—Дәнеме көрмегенсіп, маған «не көрдің» дегенше, өз көргеніңді айт,—депті.

Сонда хан айтыпты:

—Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдына келіп шөгіп, мойнын салып жатып алды. «Бұ не қылғаны?» деп қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды. «Жап-жаңа жолбарыс еді ғой, аю болғаны несі?» деп қарап едім, ит-құс болды. Анан (онан) суретін (соратын) түлкі болды, онан суретін қарсақ па, қоян ба, әлде немене болды. Оянып кеттім, көргенім—осы,—депті.

—Олай болса, шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс—өзіңнің бақ-талайың. Сен өзің бір жолбарыс едің. Оның шөгіп, басын көтере алмай, жатып алғаны— жетіп жығылған жерің осы болғаны. Енді бақ-талайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері жүріп-жүріп есіл Абылай сарттан өліпті» дегізбей, осы жерден аман-есеніңде қайта ғой!

Енді қарасаң, аю болғаны—өзіңнен соңғы заман, аюша алысып өтетұғын заман болады. Онан ит-құс болғаны— ит-құсша жұлысып өтетұғын заман болады. Онан түлкі болғаны—түлкіше бұлаңдап жүріп күнелтетұғын заман болады. Онан қоян болғаны—қоянша кеспектен-кеспекке қорғалап, жан сақтайтұғын заман болады. Мен көрген-білгенімді айтсам, күннің көзі, жердің жүзіндегі әулиелер: «Абылай өледі, соның жаназасына Түркістанға бара жатырмыз» десіп, «жындай жиылып, құмдай құйылып» жүр. Қайтқаннан басқа жабдық жоқ,—деді.

Абылай хан Самарқанға елші жіберді:

—Ұрысым, соғысым жоқ. Әулиелерді зиярат қыла келдім. Басты-басты ақсақалдары қонаққа келсін!—деп.

Қоянның көзінен қорқып, жебедей жерге кіріп кететұғын сарт сорлы жаман қорқып отыр екен. Қосыны қазақ болған он үш патша жебір-жесір қылып жаман [т] алағаны өздерінің тарихтарында жазулы тұр екен. Қатын-қыздарын, тауық пен бөденелерін тауларға бостырып жіберген екен. Бірін-бірі сыйласып, қонақ болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып, сойдырып, басына қойдыратұғын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына шыққан тасты Самарқан жұрты:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз