Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылайдың соңына ерген батырларын сынауы (ІІІ нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Абылай хан болып тұрғанда бірнеше батырларымен жолға шығыпты. Соның ішінде Абылаймен тетелес Ораздың немересі Сапақ бірге шығыпты (Ораздан—Қожагелді, Қожагелдіден—Сапақ).

Сапақ жүрген жерінде:

—Менің ұлы атам Абылайға жолдас болып Түркістаннан келген. Мен де атамның жолын қуып ханның жорығына еріп жүрмін,—дейді екен.

Оған жұрт:

—Ораз Абылайды елінен, жұртынан безіп, қиын жерде жанын қиып жолдас болған екен. Сен атаңның жолын қуа аласың ба?—десе, Сапақ мақтанып:

—Неге болмайын, болам,—дейді екен. Көпшілік «осыны бір сынайық» деп жүріпті.

Бір күні қоналқы жерде қатты жауын болып, ас пісіретін отын болмай тарығыпты. Сонда біреулер:

—Мына жерде мола бар, соның ағашын алайық,—депті,—қараңғы түнде моланың ағашын кім бұзады, оған ерлік етіп кім барады, мына Сапақ болмаса,—депті.

Сапақ:

—Несі бар, мен барам. Атымды ұстарға біреуің еріңдер,— депті.

Мана мазақтап жүрген көпшілік «мұны бір сынайық» деп күні бұрын молаға бір адамды жасырын жіберіпті де, оған: «сен жасырынып жатып, моланы бұза бергенде тұра ұмтыл!»—депті.

Айтқанындай қасына жолдас алып Сапақ молаға келіпті де, атын жолдасына ұстата салып моланы бұза беріпті. Ар жағында аңдып жатқан адам Сапаққа тұра:

—Бардың малын алдыңдар, қырғыз, қалмақтың жанын алдыңдар, енді менің моламды неге бұзасың,—деп ұмтылыпты.

Сонда Сапақ:

—Өлі сен түгіл, тірі Абылай қоста аш жатыр,—деп қарсы ұмтылғанда, ана адам:

—Ала бер, ала бер,—деп тура қашыпты. Сапақтың атын ұстап тұрған адам о да қорқып, Сапақты тастап анадай жерге барып тұрыпты. Сапақ керегінше отын алып қайтыпты.

Ертеңінде мұны Абылай естіпті. Сапақты шақырып алып:

—Батыр аңғырт болатын, сен жүректі батыр екенсің. Бірақ жау тұра қашпайды, жүрекпен бірге амал да, айла да керек,—депті.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз