Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылай мен Жарылғап (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Көкшетауда кырық сегіз жыл хандық құрған Абылай хан алпыс кісі жолдаспен бір жорыққа бара жатып жазғытұрым Баянауыл тауына түнепті, елсіз екен, жоқ екен. Түнде аш жатыпты, таң атқан соң:

—Алдымызда тамақтанарлық жерде ел бар ма?—деп сұрапты.

Бір керейт жігіт:

—Алдымызда Ағысықудың қуында Қызылшілік деген жерде Қаракесек Жарылғап бар,—депті.

Абылай хан: «Қай Жарылғап?»—депті.

—Қай Жарылғап екенін халық баққан өзіңіз білмесеңіз, мен қайдан білемін?—дегенде:

—Білмесең, оның ол жерде бар-жоғын қайдан біліп тұрсың?—депті.

—Нағашым еді. Жазды-күзді қатынасқанымызда сол жерден табыла беруші еді,—депті.

—Ал, ендеше көрген жеріңе баста!—депті.

Түс болмай-ақ сау етіп келіп қалыпты. Жарылғаптың әдет ісі екен дейді: «өлім болжалсыз, келім болжалсыз» деген. Мейман, қонақ: «мен бүгін пәленшекенікіне барамын» деп хабар салып келмейді. Күндіз келіп қала ма, түнде келіп қала ма?» деп үй ішіне төсеніш төсетіп, құда-күйеу келетұғын үйдей қылып кояды екен. Маңқан деген бәйбішесі бар екен. Қаз дауысты Қазыбектің баласының отауы түсіп, той болып, тойға кеткен екен. Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай деген төрт баласы бар екен. Екеуі жылқыда, екеуі қысыр сауғалы кеткен екен. Үйде Жарылғаптың жалғыз өз басынан басқа жан жоқ екен. Төсегінің үстінде ірге жаққа қарап жатыр екен. Бір уақытта үйге хабарландыру үшін жиен сәлем беріп кіріп келді.

—Бұ қайсың?—дейді.

—Мен жиен, керейт пәленшемін,—дейді.

—Не қыл дейсің?—дейді.

—Үй сыртында алпыс қосшысымен Абылай хан түсіп жатыр,—дейді.

Жарылғап семіздіктен біреу қолынан тартып көтермелемесе, өз бетімен олай-бұлай аунап жата алмайды екен:

—Кел, жиен, қолымнан тартшы,—дейді. Басын көтеріп, төсегінің үстіне орнығып отырды.

—Бар, меймандарды үйге кіргізе бер,—дейді. Абылай хан кіріп келгенде:

—Ассалаумағалейкүм, алдияр, бар әлім жоқ, жайым осы,—дейді,—бұл кісілердің отызына мына сабадан қымыз құй, отызына ана сабадан құрт құй,—дейді.

Ауылға кісі түскенін көріп, жылқыда жүрген екі бала да келді, биеде жүрген екі бала да келді. Төртеуінен басқа топырлаған жан жоқ. Және өздері әдемі киінеді екен. Тайжақы орнына кигендері—қара құндыз. Жалшылар, малайлар сықылды қайыс жіп, шу буынып жүрген жоқ. Буынғандары—шымжиғақ күлдері белбеу (белбау). Қызметі—құл сықылды, киім-пормы, кескін түрі—ұл сықылды. Сонда сүйсінгеннен Абылай хан айткан екен:

—Жарылғабым, ұлға да жарыған екенсің, құлға да жарыған екенсің,—депті.

Сөйтіп отырғанның үстіне Маңқан бәйбіше келіп қалыпты. Маңқан бәйбішені екі баласы бір жағынан, қолынан тартып, екі баласы ар жағынан сүйемелеп, қырынан кіргізіп, есікке әрең зорға сыйып еніпті. Байпаңдап келіп, Жарылғаптың төменгі жағына, төсек үстіне отырғызғанда, екеуі екі шоқыдай жарастықты болыпты.

—Бұл кісілер сусындады ма?—депті.

—Бар қымыз бен бар құртты бердік,—депті.

—Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға асы—түнемелі түр еді. Балалар, алшы!—депті. Алып тегенеге құйып сапырған екен, алпысына түгел жетіпті. Бәйбіше байына:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз