Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Иманжан мен Бибіғали қыз айтысы (4-бөлім)

Иманжан Жылқыайдаров, Бибіғали қыз · 3 мин оқу

Орнында інісі бар он бес жаста,
Ата, анам деп айтады соған берем.
Баруға ырза емен жас балаға,
Мен үлкен, ол кіші ғой, не деп сенем?
Көз жасын екі жұрттың қимай жүрмін,
Болмаса, таппай ма жас іздеп теңін?!

Иманжан:
Бибікен, жаңа таптым, сөз расын,
Бұза алмай жүр екенсіз ымырасын.
Мақпұздың басындағы жазуы да
Жазбаған қосылуға шын жолдасың.
Жүректің өзі білер нақ түйінін,
Біреудің біреу білмес тоқ пен ашын.
Базарлы бақытқа бұл кім қызықпас,
Миуалы пісіп тұрған жас алмасың.
Жас өсер, жіті кесер деген бар ғой,
Қайтесің жауықтырып ел арасын?
«Он бесте – отау иесі» дейді халық,
Ата, анаң тәрбиелер өз баласын.

Бибіғали қыз:
Атыңды естуші едім, құрбым, көптен,
Кез болдық арқасында тіріліктің.
Құтылар дау-жанжалдан құлақ тыныш,
Жасында бойға жетпей, өліп кеткен.
Сұрайын молда болсаң, ақын інім,
Дүниеде неше қатын байсыз өткен?

Иманжан:
Апайдың қандай оймен сөз сұрасы,
Айтылар сөйлей берсе, сөз расы.
Екі әйел дүниеде ерсіз өткен,
Біреуі – Биби-Мәриям – Ғайса анасы.

Пірғауын қатысқан жоқ деп айтады,
Өтіпті қыз қалпында Әсиясы.
Пірғауынға бір жын қызы қатын болған,
Жатқанда Әсияның нақ ұқшасы.
Мәриям Ғайса ұлын ерсіз тапқан,
Нұрынан пайда болып Күн шұғыласы.
Махшарда Мұхаммедке қосад деген,
Елдің бар айтып жүрген дабырасы.
Дүниеде ерсіз өткен дейді осылар,
Ерінбей тұрып қалар, бар шыдасы.

Бибіғали қыз:
Айырып, талдап бердің сөзімді ашып,
Сұрасам, берер ме едің бәрін ашып?
Қосылып өткені бар, қосылмаған
Өтіпті бізден бұрын қанша ғашық?

Иманжан:
Апеке, оқыпсыз ғой кітап ашып,
Біреуге боп жүрсіз бе ғашық-мағшұқ?
Ішіңнің от жалынын білдірдіңіз,
Жүрегің өртенгендей қайғы ұласып.
Апеке, сұрасаңыз, мен айтайын,
Өтіпті бізден бұрын он төрт ғашық.
Жетеуі дүниеде қосылмапты,
Сізбенен мына ғашық он бес болды,
Артылды бұрынғыдан біреуі асып.

Бибіғали қыз:
Түйе мал арықтаса, мешеу болар,
Тасқыны қайтса, дария кешу болар.
Сұраймын білмек үшін, ақын бала,
Атасыз жаралғандар нешеу болар?

Иманжан:
Атамыз Адам, Хауа бұрын өткен.
Халилге түсті қошқар келіп көктен.
Біреуі Хәзрет-Муса асасы еді,
Ғайсаны Мәриям тапты құдіретпен.

Бибіғали қыз:
Сұраудың уақасы жоқ білмегенге,
Қиын сол қараңғылық көрмегенге.
Айтып бер, анық білсең, ақын інім,
Мақал бар ел аузында зіл деген не?

Иманжан:
Білмесең, мен айтайын, апекежан,
Жаратқан дүниені Қадір-Мәулан.
Жаратып, алты күнде тамам еткен,
Өрбіген бұл дүниеге алты мың жан.
Басып тұр дүниенің төрт бұрышын,
Кішкене өзі ауыр зіл деген аң.
Денесі зор аңдардан сонша кіші,
Ауыр жоқ мұнан артық жаратылған.
Қозғалтпай дүниені басқандықтан,
Халыққа ауырлығы мақал болған.
Апеке-ау, маған кезек бересіз бе,
Сұрайтын сауалым бар ойыма алған?

Бибіғали қыз:
Інішегім, құр емессің сен өнерден,
Жасыңнан шешен болып, сөзге үйренген.
Қариядан естігенді сұрап тұрмын,
Жасымнан жан емеспін мектеп көрген.
Аузыңа етегіммен құм құймасам,
Адамға жеңдірмессің қызыл тілден.

Иманжан:
Бар болса, түстік өмір, мал жи кештік,
Артылса, жаздық жиған қалсын қыстық.
Құм салып, етегіңе көтергенде,
Көрінді емшек, кіндік және төстік.
Сыйың ба көпшілікке тартқан, апа?
Қылдың ба барлығына мақтан, апа?
Ұялмай, көп алдында көйлек түріп,
Халыққа сыйың ба ол тартқан, апа?

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз