Үш кеңес
1 мин оқу
Кім мына ыдыс-аяқ салынған жәшікті менің үйіме апарып берсе, мен оған пайдалы үш ақыл-кеңес беремін,—дейді бір қу жүк тасушыларға. Бәрі бас тартады, тек Әпенді ғана келіседі. Үлкен жәшікті иығына артып, ырс-ырс етіп алға түседі. Біраз жүрген соң, саудагерге:
—Жәшігіңді апарамын ғой, бірақ көңілді болсын, ақылкеңесіңді айта бер,—дейді.
—Жақсы,—дейді саудагер.—Тыңда. Егер саған көлікпен жүргеннен гөрі жаяу жүрген артық десе, еш уақытта сенбе.
—О, мұның шынында да ақылды кеңес екен,—дейді Әпенді, сөйтіп ары қарай жәшікті ала жөнеледі.
Жолдың ортасына келгенде, Әпенді тағы да саудагерге қарап:
—Ал енді екінші кеңесіңді айт,—дейді.
—Мархабат. Егер саған тоқ болғаннан гөрі аш болған артығырақ десе, онда сен бұған еш уақытта сенбе.
—Иә, мұның да ерекше ақылды кеңес екен,—дейді Әпенді.
Саудагердің үйіне келгенде, Әпенді:
—Ал кәне, үшінші кеңесіңді айт,—дейді.
—Тыңда,—дейді саудагер.—Егер саған жер бетінде сенен ақымақ адам бар десе, бұған да сенбегейсің.
—Әй-яй-яй! Неткен даналық!—деп Әпенді жәшікті жерге тастай салыпты да, Әпенді саудагерге:
—Егер саған мына жәшіктегі бір ыдыс сынбай калды десе, оллаһи, сенбе деген екен.