Әрқайсысына өз аяғын қайтарды
1 мин оқу
—Балалар аяқтарын суға салып, шулап отыр екен: «Менің аяғым қайда»,—дейді бір-біріне. «Жоқ, бұл Хусейннің аяғы».
—«Біздің аяқтарымыз ауысып кетті, аяқты суға салмайық» деп едім ғой. «Енді кайтіп аяқтарымызды табасыз?»—деп. Жандарынан өтіп бара жатқан Қожанасыр бұлардың сөзін естиді де:
—Балалар, сабыр етіңдер, мен қазір бәріңе де аяқтарыңды қайтарамын, осы ойынды бастаған баланың сазайын берем,— дейді.
Сөйтіп, қолындағы таяқты аяқтарына қарай сілтеп қалған екен, балалар аяқтарын тартып алып, ыршып-ыршып тұрған екен.