Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың әйелінің аңғарымпаздығы

1 мин оқу

Қожанасырдың әйелі:

—Ұры үйге қалай кіреді?—деп сұрайды.

—Табанына киіз таңып алады,—дейді Қожанасыр,—сосын жүрген кезде дыбысын ешкім естімейтіндей етіп мысықша басады.

Бірде әйелінің ұйқысы келмей, ары‑бері дөңбекшіп, байын оятады:

—Үйге ұры кірген секілді,—дейді әйелі.

—Оны қайдан білдің?—дейді Қожанасыр.

—Мен манадан бері ұйықтамай жатырмын, бірақ жүрген аяқтың дыбысы құлаққа шалынбайды. Бәлкім, ұры табанына киіз байлап үйге кірген шығар?—депті әйелі.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз