Асығу керек болды
1 мин оқу
Бір үйде той болып жатқанын естіп, Қожа бір қағазды конвертке салыпты да, сол үйге есік қағады. Одан:
—Саған не керек?—деп сұрағанда:
—Мен үй иесіне хат әкелдім,—дейді.
Қызметші ішке кіргізген соң, Қожа үй иесіне қағазды беріпті де, дастарқанға жайғаса салып, тамақ жеуге кіріседі.
—Ау, қағазыңда түк жоқ қой!—дейді үй иесі.
—Е, кешіріңіз,—депті Қожа,—асығу керек болды, сонан қағазға ештеңе жазылған жоқ.