Не қалады?
1 мин оқу
Қожанасырдың есегі жоғалыпты. Әпендінің тапсыруы бойынша базардағы жаршылар жар салып жүр екен.
—Ей, халайық, базарлап келген жаршылар! Көрмедім, білмедім демеңдер, Қожанасырдың есегі жоғалды! Сол есекті тапқан адамға есектің құлағы мен құйрығына дейін сыйға береді.
Әпендінің бір досы:
—Қымбатты Әпенді, мен сізді түсінбедім,—дейді.—Егер есектің құлағынан бастап құйрығына дейін сыйлайтын болсаңыз, онда өзіңізге не қалады?
—Маған есектің өзі қалады,—дейді Әпенді.
—Қалайша?
—Менің есегімнің құлағы да, құйрығы да жоқ, оларды баяғыда кесіп тастаған,—депті сонда Әпенді.