Есектің ақыруы
1 мин оқу
Қожанасыр алтын ақшаны лақтырып ойнап отыр екен. Қожанасырдың жаңғалақ істері туралы естіп алған біреу келіп:
—Мына ақшаңды маған бер де, орнына мына бақыр тиынды ал,—дейді.
—Мен мұндай айырбасқа келісейін,—дейді Қожанасыр, егер сен үш рет қатарынан есекше ақырып берсең.
Анау бұған келісіп, үш рет есек болып қышқырып, ақырып береді.
—Ал есек, жақсы,—депті сонда Қожанасыр.—Сен, есек, алтын ақшаның бақыр тиыннан артық екенін түсінеді екенсің ғой, ә! Ал сонда қалай, мен соны есек құрлы білмейді деймісің?