Айран ішу
1 мин оқу
Қожанасыр досы екеуі бірігіп айран сатып алады. Олар айранды ішкелі отырғанда, досы табақтың ортасын сызып:
—Мен өз жағыма тәтті қосайын деп едім,—дейді.
—Ау, айран сұйық емес пе?—дейді Әпенді,—сенің қантың менің жартыма өтіп кетеді ғой. Дұрысы, сен қантты араластырып жібер, бірге ішелік.
—Қант аз,—дейді досы қарсылық білдіріп,—екі адамға жетпейді.
Қожанасыр ашуланып, бөтелкедегі зәйтүн майын айранға құйып жібереді. Досы шат-шәлекейі шығып:
—Ақымақ! Айранға зәйтүн майын құйғанды қайдан көріп едің?—дейді.
—Мен майды өз жартыма құйдым,—депті сонда Қожа.
—Араласпа!