Шие
1 мин оқу
Әпенді байдың шиесін жинауға жалданады.
—Саған ақша төлемеймін. Жарты күн істейсің,—дейді,—ал сосын шиені қанша жесең, сонша же.
Шарт бойынша, күн түс болғанда, Әпенді талдың басына шығып, шие жеуге құлшына кірісіп кетеді. Бай шыдай алмай:
—Ей, Қожа, ағашты сындырасың! Түс ағаштан, шиені төменгі бұталардан жина!—дейді бажылдап.
—Байеке, абыржымаңыз, әуелі жоғарғы жақты жеп болайын, сосын төменгі жаққа ауысамын,—деген екен Әпенді.