Ана жақта да қырынып жатыр ма?
1 мин оқу
Бір күні сақал-мұртын бастырмак болған Әпенді шалағай шаштаразға тап болады. Ананың ұстарамен арлы-берлі кескілегені сонша—Қожанасыр ойбай салуға шақ отырады, тек көзінен жасы сорғалап, басы айналып барады. Кенет ол көшеден бір айғай-шуды естіп, не болғанын шаштараздан сұрайды.
—Е, мына жерде ұста атты тағалап жатыр,—дейді ол.
—Ә-ә,—депті сонда Қожанасыр,—ол жақта да біреудің сақал-мұртын алып жатыр ма деп ойлап едім.