Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожаның саудасы

1 мин оқу

Бірде Қожаға әйелі:

—Таңертеңнен кешке дейін үйде сарылып отыра бересің, жалқаусың, шөп басын сындырмайсың, басқалардың еркегі құсап бір пайдалы кәсіппен шұғылданбаймысың?—деп ренжісе керек.

Әйелінің сөзі қамшы болып тиген қожа, «не кәсіп етсем екен» деп әрі ойланып, бері ойланып, ақыры дәрі-дәрмек сатуды кәсіп етейін деген тоқтамға келеді.

Қожа базар алаңында алдына бір қап күлді төгіп қойып, бір шымшым алып, қағазға орап:

—Тышқан улайтын дәрі алыңдар,—деп өткен-кеткенге құлақ қағыс етіп қойып, отыра береді. Біреу сатып алмақшы болып, бұ дәріні қалай пайдаланудың жолын сұрайды.

—Тышқанды ұстап алыңыз да, құйрығынан ұстап тұрып, жерге қатты соғып қалыңыз. Сонсоң, тырп ете алмай қалған кезде, аузы мен мұрнына мына дәріні сепсеңіз болғаны, сеспей қатады,—дейді Қожа.

Ана кісі ақырып:

—Сөз-ақ екен! Жарықтығым-ау, тышқанды ұстап алсам, сенің дәріңсіз-ақ өлтірмеймін бе?—дейді.

Сонда Қожа:

—Маған дәрі алғаның керек, ал тышқанды қалай өлтірсең, олай өлтір, ол өз жұмысың,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз