Соншалықты саған не болды?
1 мин оқу
Бір күні Қожанасыр түн ортасында әйелін шырт ұйқыдан оятып алып:
—Тұр, маған пышақты тауып бер, осы шыдағаным да жетер,—депті.
Не болғанын түсіне алмаған әйелі оның бетіне үрейленіп қарайды:
—Соншалықты саған не болды?
Сонда Қожа:
—Қарным ашты, нан кесіп жеймін,—деген екен.