Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қырық сұрақ

1 мин оқу

Қожанасыр ауылына бірде фәлсәфаға құмар ділмәр біреу келіпті де:

—Ауылдағы ең ақылды адам кім?—депті көпшілікке.

—Қожанасыр,—депті көпшілік.

—Ендеше шақырыңдар.

Қожанасыр келеді.

—Мен саған қырық сұрақ қойсам,—деді бейтаныс желпініп.—Сен оларға екі-ақ сөзбен жауап бере аласың ба?

—Берейін.

Бейтаныс санап отырып қырық сұрақ қояды да:

—Кәне, жауабыңды екі-ақ сөзбен айтып байқашы,—деп кекесінмен күледі.

—Түсінсем, бұйырмасын,—депті Қожанасыр.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз