Ұйықтаған кісі сөйлей ме екен?
1 мин оқу
Жұмыстан шаршап келген Қожанасыр үйінде демалып ұйықтап жатыр екен. Далада жүрген әйелі:
—Бақшаға ешкілер түсіп кетті, соны өзің көріп-ақ қайтарып жіберсең қайтеді?—деп айқай салыпты.
—Ұйықтап жатырмын,—депті Қожанасыр.
—Ұйықтаған кісі сөйлей ме екен?—депті ашуланған әйелі.
—Ұйқысырап жатқан болармын,—деп Қожекең де бос келмепті.