Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Оған менің аяғым жарамайды

1 мин оқу

Қожанасырдың қолына қағаз, қарындаш түсе қалса, жөнжосықсыз шимайлап, сыза береді екен. Мұны көршілері көріп, «тегі осы Қожа хат танитын болар-ау» деп жүріпті. Бірде көршілерінің біреуі келіп, Қожанасырға:

— Қожеке, хат жазып бере қойшы,—депті.

Бұған Қожанасыр.

—Аяғым ауырып отыр,—деп жауап қатса керек, келген кісі:

—Ойбай-ау, Қожеке, қолыңмен жазбайтын ба едің?—дегенде, ол:

—Оныңыз рас, жазуды аяғым жазбайды, қолым жазады. Бірақ менің хат жазғанымды ешкім танымайды. Сондықтан ол хатты өзім барып оқып беруім керек. Оған менің аяғым жарамайды,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз