Ет ұрлап жеген ит (І түрі)
1 мин оқу
Қожанасыр үйіне ет алып келеді де, әйеліне береді. Әйелі өзінің құрбыларымен бастаңғы жасап, дәмді тамақ істеп жеп қояды да, Қожанасыр келгенде:
—Етті ит ұрлап жеп кетіпті,—дей салады.
Қожанасыр бір күні дүкеннен ет орнына балта сатып алады да, сүртіп, тазалап, төрдегі сандыққа салып, аузын құлыптап қояды.
Бұған таңданған әйелі:
—Мұныңыз қалай, Қожеке?—деп сұрайды.
Қожанасыр:
—Ой, оңбаған, надан сорлы-ай! Бір мірілік етті күнде жеп үйренген ит бес теңгелік балтаны жеймін деп, балталанып қала ма деп жасырып қойып жатырмын,—дейді.