Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұғалімі қандай болса, шәкірттері де сондай

1 мин оқу

Медресенің мұғалімі ауырып қалады. Көңіл сұрай келген бір шәкірті оған:

—О, мұғалім мырза, сіз тап қаңғыбас иттей азып кетіпсіз!— дейді.

Мұғалім ренжіп қалады, бірақ үндемейді. Екінші шәкірті келгенде, мұғалім оған мұңын шағып:

—Өкінішті! Қандай заман бұл? Жаңа ғана бір шәкіртім мені итке теңеді!—дейді.

Екінші шәкірті оның көңілін демеу үшін:

—Мырза, сіз ол бөспеге сенбеңіз! Сіз әлі-ақ айығып кетесіз, тіпті шошқадай болып семіріп кетесіз!—дейді.

Мұғалім онан ары өкпелеп қалады, бірақ үндемейді. Кейінірек оған Қожанасыр келеді, мұғалім тағы да мұңын шаға бастайды:

—Құрметті Әпенді, бүгінде халық қалай өзгеріп барады! Бір оқушым мені итке, екіншісі шошқаға теңеді,—дейді ол.

—Уайым жемеңіз, тақсыр!—депті Әпенді тұрып.—Мұғалімі қандай болса, оқушылары да сондай болғаны ғой!

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз