Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бәріңде күнә жоқ

1 мин оқу

Жұқаның бір досы біреумен дауласып қалады екен. Ол дауын айтып Жұқаның үйіне келіпті. Істің жайын егжей-тегжейлі баяндап болғаннан кейін, досы Жұқадан:

—Менде күнә жоқ шығар?—деп сұрайды.

—Солай досым, күнә жоқ сенде,—деп жауап береді Жұқа оған. Ертеңінде ана адам да Жұқаны іздеп келеді. Ол даугердің кеше Жұқаға келіп кеткенін ұқпай, істі басынан қайта баяндап болғаннан кейін, Жұқадан:

—Қазы мырза, қалай қарайсыз, менде күнә жоқ шығар?— деп сұрайды.

—Солай, сізде, әрине, күнә жоқ,—деп жауап береді Жұқа оған.

Кеше және бүгін келген даугерлердің Жұқаға айтқан сөздерінің бәрін Жұқаның әйелі естіп алған еді. Ол күйеуін бір сүріндіріп алмақ болып:

—Шалеке, кеше досыңыз келеді, оны күнәсіз дедіңіз, бүгін мына мырза келді, мұны да күнәсіз деп отырсыз, бұлай болғанда дауласқан екеуінде де күнә жоқ болғаны ма?—дейді. Сонда Жұқа байыппен әйеліне қарап:

—Сүйіктім, сенде де күнә жоқ,—дейді.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз