Қыз Жібек (1-бөлім)
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 172 жол
Орта бойлы, қолаң шаш,
Қазақтан өткен қыз Жібек.
Қырғи мүше, қыпша бел
Қырғыздан өткен Айшөрек.
Халық ішінде айтылып,
Халыққа болсын бұл ермек.
Тамақ керек əркімге,
Бір тоқтыны соялы.
Қыз Жібектен сөз қозғап,
Қызығына тоялы.
Ай нұрындай Жібекті,
Айтпай қойсақ бола ма?!..
Айтпаса сырды жиналған
Кетпесін іштен жоғалып.
Өткен Жібек сұлуды
Ескеріп, қозғап қоялық.
Жаралып өмір бір келмек,
Өзекті жан бір өлмек.
Əлем қайыра жаңарып,
Елде болсын бұл ермек.
Ендігі сөздің қысқасы –
Арманда болып өтіскен
Төлеген менен Қыз Жібек.
Армансыз өмір болмайды,
Жалыны оттай қыз сүймек.
Қазақ жерінде, Жағалбайлы елінде байлығы асқан Ба-
зар бай атты қадірлі кісі болған екен. Базарбайдың екі ұлы
болады. Үлкені – Төлеген, кішісі Сансызбай, екеуі тең,
ержүрек батыр ұлдар болады. Үлкені Төлеген ер жетіп, он
сегіз жас шамасына келгенде, атасы Базарбай ұлы Төле-
генге əйел алып бермекші болып, талай жерден қыз көр-
сетеді. Бірақ Төлегенге ешқайсысы да ұнамайды. Базар-
бай ұлына қапа болып, «Өзі жақтырғанын алсын», – деп
тоқтайды. Төлеген өзі де қыдырып, қыз іздемей жүре бе-
реді. Күндердің бірінде Базарбайдың үйіне бір қарт сауда-
гер қонады. Аты – Наурызбай. Қырағы Наурызбай Базар-
баймен сөйлесіп отырып, Базарбайдың байлығына разы
болып, Төлеген сынына толып, былай дейді: «Е, Базарбай,
ұлыңа келіншек алып берген бе едің?».
– Жоқ, – дейді Базарбай. – Енді елімізден қыз жақпаса,
не істейміз, өзі білсін.
Сонда Наурызбай: – Олай болса, Төлеген мырзаңызды
маған қосып беріңіз. Біздің еліміздің қыздары сұлу болып
келеді. Жақтырған қызын алып береміз, – дейді.
Базарбай ойланып: – Е, ұлым, бұл атаңның сөзін ұқтың
ба? Енді өз еліңнен қыз жақтырмай қойдың. Атаңменен
қоса барып, қыз таңдап көр, – дейді.
Төлеген айтты: – Ата, бар десеңіз, барып келейін.
– Солай болса, жақсы болады, – деп Базарбай Наурыз-
байды қонақ қылып, бір ат мінгізіп, достасып, Төлегенге
батасын беріп, қыруар ақша беріп, Төлегенді Наурызбайға
қосып жібереді.
Сөйтіп, бұл екеуі Ақ Жайық ауылына келеді. Төлеген
Наурызбайға айтады: «Біз түтін басына қыдырып, дуана-
ша жүргеніміз ұят болады ғой. Олай етпейік. Сіз мақұл
көрсеңіз, жар салалық. Қызы жақса да, жақпаса да, бір
жорғадан берелік».
Наурызбай күліп: – Ойбой, Төлеген мырзам, қызы
жақпаса да бере беріп, бекер шығынданамыз ба? – дейді.
Төлеген айтты: – Жомарттың жолы ашық деген, еш-
теңе етпес.
– Олай болса, мейліңіз, – деп, ел ішіне жар салды. Есті-
гендер қыздарын алып келіп, мейлі жақсын-жақпасын,
Төлегеннен бір-бір жорға алып кетіп жатты. Сол елдің
төресі Сырлыбай еді. Оның уəзірі Қаршыға сөзге шешен
адам екен. Төлегеннің жайын естіп, атына қамшы басып,
ентігіп жетіп келеді.
Сол жерде тұрған кісілер Төлегенді Қаршығадан жа-
сырып айтпайды. Төлеген бір үйде отырған. Қаршыға-
ның үнін естіп, «Бұл ел неге жасырып айтпай жатыр?»,
– деп, өзі шығады. Сонда Қаршығаның амандасып, айтып
тұрған жері:
– Ассаламуалейкүм, Төлен балам,
Даңқыңды жұрттан естіп келдім саған.
Жасырмай сырың болса, маған айтқын,
Жаныңды тындырады Қаршыға ағаң.
– Алейкүмассалам, Қаршыға ағам,
Келіпсіз ат сабылтып арнайы маған.
Жұмысың менде болса, айта бергін,
Көңіл сізде, сөйлей бер, құлақ салам.
Қаршыға ойланып: «Оңаша сөйлеспесем болмас», –
деп, атынан түсіп, Төлегенге қолын беріп, мұнысына баға
беріп:
– Мырзам, сізбен оңаша сөйлесемін, – деп үйге кіріп,
төрге отырады.
Сонда Қаршыға Төлегеннің арғы-бергі ата-тегін жəне
не шаруамен жүргенін сұрап білді.
– Олай болса, қарағым, сөзіме құлақ сал. Біздің
еліміздің басшысы Сырлыбай деген болады. Оның айдай
сұлу бір қызы бар. Аты – Жібек. Сол өзіңізге лайық ке-
леді, – дейді.
Төлеген айтты: – Оның дидарын қалай барып көреміз?
Сонда Қаршыға: – Көрімдігі бола ма? – дейді.
Төлеген: – Болады. Бір жорға аласыз.
Қаршыға: – Жоқ, қарағым, алыстан ат сабылтып келген
мені басқалардай көрмеңіз. Маған екі жорға лайық қой,
қарағым. Егер қыз көңіліңізге жақпаса, жорғаңызды ал-
маймын, – деді.
Төлеген күліп, Қаршығаның сөзіне ұйып, екі жорға
берді. Сонымен сөздері бітіп, Ақ Жайыққа аттанды.
Базарбайдың Төлеген
Батыр сынды секілді,
Қаршығаға ілесіп
Атқа қылды өкімді.
Сөзге шешен Қаршыға
Аялдамай жүргізді.
Көрсетпекке Жібекті
Ауылға жетіп келісті.
Келсе, елі жайлауға көшіп кеткен екен. Қаршыға Төле-
генге: «Бұл ел көшіп кеткен екен ғой. Енді Жібекті көш
үстінен көрсетейін», – деп, Төлегенменен мақұлдасып,
жөнеп берді.
Жанын салып Қаршыға,
Қамшы ұрып атқа асыға,
Бір көшке жетіп келеді.
Көш соңынан қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сəулеті бетінде,
Бұралып кетіп барады.
Қаршыға қызды көреді,
Жібек емес болған соң,
Одан өтіп жөнеді.
Бір көшке жетіп келеді,
Көш алдынан қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Таң мезгілі болғандай,
Шолпандай жарық жұлдызы,
Пейіштен шығып келмесе,
Адамзаттың бір қызы.
Осы ма деп Төлеген
Жетіп келді қасына,
Соңынан келіп Қаршыға,
Жібек емес деген соң,
Одан ары өтеді,
Қаршығаменен ілесіп,
Көңілі біраз түзелді,
Бір көрмекке Жібекті
Төлеген мырза кезенді.
Қаршыға менен Төлеген
Жағалай салды өзенді,
Тағы бір көшке жетеді,
Көш алдынан қараса,
Бір қыз шықты сəулетпен.
Отыз түйе жетелеп,
Сары майдай еріген,
Тай-құнандай керілген.
Мұрындығы сары жез,
Бұйдасын ескен жібектен,
Толған айдай толықсып,
Ақ маралдай бұлықсып,
Бұралып кетіп барады.
Мұны көріп Төлеген,
Атының басын бұрады.
Осы ма деп Төлеген,
Қаршығадан сұрады.
Қаршыға жетіп келеді,
Бұл да Жібек емес деп,
Əзіл айтып күледі.
Одан өтіп Төлеген,
Атқа қамшы басады.
Тұлпар туған көк жорға ат
Аузынан көбік шашады.
Алдындағы белестен
Орғып келіп асады.
Белестен асып жөнеді,
Ойға түсіп желеді,
Бір көшке жетіп келеді.
Көш астынан қараса,
Бір қыз кетіп барады,
Он қызы бар қасында,
Он төрт, он бес жасында,