Қыз Жібек (7-бөлім)
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 168 жол
келіп: «Біздің ханымыз сізге жіберді. Қызы Жібекті бере
ме екен, əлде бермей ме екен? Бермесе еліңді, жеріңді ша-
уып алғалы келдік», – десті.
Сырлыбай хан есі шығып, еліне не дерін біле алмай
қалтырап: «Əй, жігіттер, кішкене аял қыла тұрыңдар,
кеңесіп барып жауабын берелік», – деді. Жігіттер ханына
жүріп кетісті.
Сырлыбай хан қыз Жібектің ордасына келіп: «Жібек-
жан, Түптен Қорен қалмақ келіп, қызыңызды бересіз. Бер-
месең, еліңді шауып кетеміз деп жатыр. Не істейміз?», –
деді.
Жібек: «Ата, зорлыққа айла бар ма? Мақұл деңіз. Бірақ
мені алам деген Қореннің салты бар ма екен? Болса, қы-
рық күн тойын жасап алсын», – дейді. Сырлыбай Қар-
шығаны шақыртып: «Сен барып айт, қыз Жібекті қырық
күн тойын жасап алсын», – дейді. Қаршыға мəн-жайды
айтқан соң, Қорен хан мақұлдап, той жасайды.
Тойын жасай берсін. Осы той кезінде Бекежан көк
жорғамен көсілтіп, Жібекке бір көрінейін деп келе жатыр.
Жібек Бекежанның келе жатқанын көріп, секемденіп:
– Ай, Бекежан, андағы көк жорғаны қайдан алдың? –
дейді.
Бекежан: «Қайдан алушы едім. Өзімдікі», – деп тұрып,
Жібекке тиісіп қалады:
Бекежан əуелетіп əнге əуен салды,
Жібек қыз соны тыңдап, құлақ салды.
Бір жылдан асып кетті кеткеніне,
«Сол жездең Төлегеннен хабар бар ма?»
Жібек:
Төлегенім бұл дүниеде жүрген шығар,
Жібегі күнде етегін түрген шығар.
Бекерге меніменен байланыспа,
Онымен қандай жұмыс, ісіңіз бар?
Бекежан:
Айт дедің, ал айтамын жылап жүрме,
Көптен бергі масқараң жетті бізге.
Қособаның көлінде жатып алдым,
Мергендікпен бір қарақшы атып алдым.
Өзім батыр болған соң кімді аяйын,
Төлегенді өлтіріп, атын тартып алдым.
Қыз Жібек Төлегеннің өлгенін естіп, жоқтап жылап ай-
тқаны:
Басынан бас қосқаным Жағалбайлы,
Малдарын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым қыз Жібекті неге алмайды?
Тағы айтам, бас қосқаным Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Сол елде ер жеткен қайным жоқ па,
Жесірін іздеп келіп неге алмайды?
Сол жерге өзім іздеп барар едім,
Əттең-ай, əйел жолды таба алмайды.
Бір сұмдықтың болғанын
Бекежаннан көреді,
Туыстары келеді.
Бекежандай ақымақтың
Мойнына шылбыр салады,
Төлегеннің жолына
Құрбандық қылып шалады.
Сөйтіп, қыз Жібектің бауырлары Бекежанды өлтіріп,
кектерін қайтарды.
Ендігі сөзді Базарбай жөнінде айтпақшымыз. Ба-
зарбай Төлегеннен хабар біле алмады. Бір күні өзінің
қадірлі адамы Шеге ақынды шақыртып алып: «Төлеген-
нің кеткеніне бір жыл болды. Хабар болмады. Сансыз-
бай екеуің іздеп, Төлегеннің жай-жапсарын біліп келің-
дер», – деді. Шеге Базарбайдың айтқанынан шықпаған,
əрі батыр, əрі шешен адам еді. Сансызбайдың жау-жа-
рағын сайлап, жөнеп берді. Үш ай жол жүріп, Ақ Жай-
ық аулының шетін жағалап келеді. Қой жайып жүр-
ген бір қойшыға душар болады. Шеге ақын осы қой-
шыдан: «А, қарағым, бұл кімнің жері, кімнің елі?», –
деп жөн сұрайды. Қойшы: – Біз алты Шекті еліненбіз. Ха-
нымыз Сырлыбай деген болады.
Шеге: – Мына қаптап жатқан қалың ел өз еліңіз бе?
Қойшы: – Жоқ, аға түптен Қорен хан деген қанша мың
қолымен келіп, ханымыздың қызы Жібекті бересің. Бер-
месең, ел-жеріңді шауып аламын деп қамаған соң, ханы-
мыздың амалы таусылып, қызын осы Қорен ханға бермек
болып, тойын жасап жатыр.
Шеге тағы да: – Бұл Жібек қыздың бұрын сөйлесіп
жүрген жігіті жоқ па екен? – деп сұрады.
Сонда қойшы айтады: – Бұрын Төлеген деген мыр-
за сөйлесіп, Жібекті алған, ол үш айдан кейін еліне ба-
рып келуге кеткен еді. Жазғытұрым жалғыз қайтып келе
жатқанда, Қособаның көлінде Бекежан деген нəлет жолын
тосып барып, көрінбей жатып Төлегенді атып өлтірген.
Сонда Сансызбай ағасының өлгенін естіп, шалқасынан
құлап жылайды.
Қойшы шошыды «Бекерге айтқан екенмін», – деп. Сан-
сызбай басылмай көп жылады. Шеге ақын Сансызбайға
қайрат беріп: «Ай, Сансызбай қарағым, болды. Ен далада
жылай бергенің жарамайды. Болар іс болыпты. Одан гөрі
ақылға келелік, енді құр кеткеніміз дұрыс болмайды. Жоқ
дегенде, Жібекке жолығып кетуіміз керек, қарағым. Əйт-
песе көңіліміздің жалыны басылмайды. Енді мен барып,
Жібекпен сөйлесіп келейін, сен кідіре тұр», – деп кетеді.
Шеге Жібектің алдына барып жолығады. Жібек
басқа жерден келген адам екенін сезіп, жылы қабыл
алып сөйлеседі. Содан соң Сансызбайды шақырып ала-
ды. Шегені жөнелтіп, Жібек Сансызбайды кетірмей
түнетеді. Бұл үшеуінің кеңесін ешкім білген жоқ. Ер-
теңіне Сансызбайды жібереді. «Сіздер пəленше жер-
ге барып мені тосып тұрыңдар. Мен Қорен ханның
бір тұлпарын сұрап мініп, арттарыңнан барармын», –
дейді.
Шеге мен Сансызбай кете берсін. Енді Қорен хан
жөнінде сөз болмақшы. Қыз Жібек өзінің жеңешесін
шақырып алып, Қорен ханның бір тұлпарын сұратып жі-
береді. Жібек ол күні Сансызбайды жіберген жоқ. Біріне
бірі қызық көрініп, сөз байласты. Бұл екеуінің əңгімесін
ешкім білген жоқ. Ертеңіне Жібек Сансызбайдың қолын
ұстап: «Енді сіздер қайтадан жолға шығуға даярланыңы-
здар. Мен Қорен ханның бір тұлпарын сұрап мініп артта-
рыңнан жетермін», – деп Сансызбайды жібереді.
Сансызбай, Шеге бара берсін. Ендігі сөз Жібек пен Қо-
рен хан жөнінде болмақшы.
Жібек бір жеңешесін шақыртып алып, Қорен ханның
бір тұлпарын сұрап əкеп бер деп жіберді. Жеңешесі Қорен
ханға барып сұрап тұрған жері:
Күйеу бала Қорен хан,
Жібек сізге жіберді.
Тұлпардың бірін бер дейді,
Ертең көшке мінеді.
Сонда Қорен сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Ой, жеңеше, жеңеше,
Көрініп Жібек келмесе,
Көп күндер өтті бірнеше.
Тимесе Жібек тимесін,
Тұлпардың бірін сұрама,
Əйелдер тұлпар мінер ме? –
деп бермей қойды.
Жібек сонда ойланып: «Қой, іс мүшкіл болып қалған
екен, өзім барып көрейін», – деп киімдерін киіп, шашба-
уларын тағынып, қылаң етіп, қылт етіп, сылаң етіп, сылт
етіп, Қорен ханның үстіне кіріп барды. Сол уақытта Қо-
рен хан Жібекті көріп қалып, толықсыған көркіне разы
болып, орнынан тұра келді. Жібек айтты: «Қорен хан, ат
сұратсам, неге бермей қойдыңыз?».
– Ойбой-ой, көп күндер өтті. Бір көрінбеген соң,
көңілім бұзылып, бермей қойғаным рас. Екі тұлпарым
бар, қайсысын мінесің? – деді Қорен хан.
Жібек: – Қайсысы жақсы?
– Ой, көк сандалым жақсы ғой. Соны мін.
Қорен хан сасқалақтап, көк сандалды өзі ерттеп
жатқанда, Жібек Қореннің бүктеулі жатқан ақ семсерін
беліне байлай қойды.
Қорен хан байқап қалды: – Ай, Жібек, оны не қыласың?
Жібек күлімсіреп, Қоренге қарап: «Қорен ханның сем-
сері деп қыздарға көрсетемін», – деді.
Қорен: «Олай болса, мейлі», – деп көк сандалды Жі-
бекке берді де: «Жібек, абайлап жүрмесең, еті қызғанда,
бой бермей алып кетеді, құлап қалма. Мен қаз мойын қара
тұлпарды мініп, артыңнан қарармын», – деді. Жібек: «Қо-
рықпай-ақ қойыңыз. Хан басыңызбен қойшы-қолаңша ар-
тымнан жүргеніңіз ұят болады. Қосыңызда жата беріңіз.
Мен кешке қарай келемін», – деп жүріп кетті.
Жөнеді Жібек жөнеді,
Қамшыны ұрып келеді,
Ойлау жермен орғытып,
Сайлау жермен сырғытып,
Аялдамай келеді.
Қарауылда тұрған Шеге ақын
Жібекті болжап біледі.
Əне-міне дегенше,
Шегеге жетіп келеді.
Ашылсын, балам, бағың деп,