Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қыз Жібек (8-бөлім)

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 147 жол

Шапқанда Жібек озады.
Сансызбайға жүр деді.
Жүре алмаса өз атың,
Сандал көкті мін деді,

Ар көріп Сансыз мінбеді,
– Жүре бер, Жібек, жүре бер,
Маған кезек келгенде
Мінермін сонда шын деді.

Атырылып көк сандал
Алдыға озып жөнелді.
Үшеуі теңдей келіскен
Аялдамай жүреді.

Жібекті байқап Шеге ақын:
– Қызып қалды көк сандал,
Алып қашып кетпесін,
Алып ұрып бір жерге,

Өз қосына кетпесін.
Артымыздан қуғындап,
Көк сандал бізге жетпесін.
Ашуы келген Қорен хан

Түбімізге жетпесін.
Жібек тізгін тартады,
Көк сандалды байқады,
Албыттанған көк сандал

Билеп, ойнап басқаны.
Қуғыншы арттан келмес деп,
Жай жүрісті, саспады.
Ендігі сөз Қорен ханда. Қорен хан Жібекті күтті, кел-

меді. Ертеңіне тоғыз мың сарбазымен Сырлыбай ханға
келді. Қорен хан Сырлыбайға: «Сен мені неге мазақ қы-
ласың? Жібек менің тұлпарымды мінген қайтып келемін
деп. Жібек те, тұлпарым да жоқ. Қайда қашырдыңыз, тез

табыңыз. Болмаса, шауып аламыз», – деп қаһарланды.
Сырлыбай хан жауап айта алмай, дағдарып тұрып қалған-
да, Қаршығаның Қоренге жауап беріп тұрған жері:
– Ой, Қорен хан, Қорен хан,

Ел қорықты қаһарыңнан,
Тұлпардың сырын білесің.
Біліп тұрып тұлпарды
Əйелге неге бересің?

Өзің беріп тұлпарды,
Елден неге көресің?
Қатты айтуға батпаймыз,
Ел билеген төремсің.

Күшке салған оңалмайд,
Тұлпар ізі жоғалмайд.
Даланы кезіп шалыңыз,
Іздейік оны бəріміз.

Біреулер байқап білген-дүр,
Еркелеп ойнап жүрген-дүр.
Қорен Қаршығаның бұл сөзіне жығылып: «Тура айта-
сыз, тұлпар ізі жоғалмайды», – деп атына мініп, жөнеп

беріп, үдере шауып жүріп, көк сандалдың ізін тауып алды.
Қорен хан қолын тоқтатып: «Сендер артымнан келе берің-
дер. Мен Жібектің артынан жетіп, кейін қайтам», – деп
Қорен Жібектің артынан жөнеп бара жатқан жері:

Жөнеді, қалмақ жөнеді,
Қамшыны ұрып келеді.
Ойпаң жермен орғытып,
Сайлау жермен сырғытып,

Аялдамай келеді.
Қаз мойын қара тұлпарды,
Сауырға салып шапқылап,
Сауырынан аққан тер,

Моншақ-моншақ тамшылап,
Келе жатқан қалмақты
Жібек болжап біледі,
Бір төбеге келеді.

Көк сандалдың шылбырын,
Мойнына салып түйеді.
Сансызбай аман қалса деп,
Алладан медет тіледі.

Айналайын құдірет,
Не пейілімнен тұтылдым?
Ақырында, Құдай-ай,
Қашып келіп құтылдым.

Жылады Жібек жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Тəуекел деп Сансызбай,
Жол тосып жалғыз тұрады.

Əне-міне дегенше
Қорен келіп қалады,
Сансызбайды қарады.
– Көзің оттай жанасың,

Өзің жап-жас баласың,
Жібекті алға жіберіп,
Соғысатын немедей
Көлденең тартып тұрасың.

Ұрысар болсаң, шыныңды айт,
Əуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі.
Қашпайтұғын ер болсаң,

Мойныңды маған бұр дейді.
Кезегін беріп қалмақтың,
Толғана мойнын бұрады,
Алладан тілек қылады.

Атаңа нəлет Қорен хан,
Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды,
Садақты қолға алады,

Толғап тартып қалады.
Зымырап оғы кетеді,
Сансызбайға жетеді.
Тоғыз қабат сауыттың,

Кезегін алды Сансызбай.
– Батар күнмен батайын,
Қоренді мен де атайын.
Ең болмаса, Құдай-ай,

Жастығымды ала жатайын.
Деп толғанып Сансызбай,
Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды.

Толғап тартып қалады.
Зымырап оғы кетеді,
Дəу қалмаққа жетеді.
Оқ тоқтаған мезетте

Қорен аттан құлады,
Ту қолынан сұлады.
Ат үстінен Сансызбай,
Қореннің басын кесіп салады.

Қаз мойын қара тұлпарды,
Жетегіне алады.
Тоқта, Жібек, тоқта деп,
Көңілің маған жоқ па деп,

Жанына еріп Сансызбай,
Екеуіне жетіп келеді.
Разы болып Сансызға,
Шеге қолын береді.

Жалғыздап, балам, өлтірдің,
Ерлік болды осының.
Қорқыныштан құтылдың.
Ержүрек ұл елдікі,

Жібек енді сенікі,
Қайда жүрсең болады,
Ісіңді Құдай оңдады.
Қолыңа алдың теңдікті,

Аман болсаң ....
Ақыл сала жүрерсің.
Есен жетсең еліңе,
Еш адамға қор қылмай,

Жібекті өзің сүйерсің,
Деп Қаршыға сөйлейді,
Əзіл айтып күледі.
Жібек тұрды қуанып,

Қуана басып бұралып,
Сансызбайдың ерлігі
Жібекке толды сыналып.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері