Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қыз Жібек (6-бөлім)

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 172 жол

Жау дегенде қолға алып,
Пендесіңмен жүрмейсің,
Алай-бұлай болып кетсем,
Асыл туған Жібекті,

Біреулерге қор қылмай,
Өзің бір алып сүймейсің.
Балиғатқа жеткенде,
Алтын сауыт кілемге,

Жау дегенде жайнатып,
Толғамалап қолыңа ал.
Сапар шегіп жол жүрсең,
Жолдасын жауға алдырмас,

Басшы қылғын Шегені.
Адамның айтқаны болар ма,
Алланың болар дегені,
Осыны айтып Төлеген,

Сансызбайдың бетінен,
Екі-үш рет сүйеді,
Құшақтасып, қоштасып,
Иə, Алла деп жөнеді.

Сансызбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Ерлер мінер сұр қасқа,
Таба алмасқа құр қасқа,

Батырлық, байлық кімде жоқ,
Əр адам жөні бір басқа.
Ақ Жайықпен арасы,
Үш айшылық жол екен,

Үш айшылық жер ортасы
Атырабы деген шөл екен.
Шөл даланың ішінде,
Қособа деген көл екен.

Ұры, кəззап, қарақшы
Мекен қылған жер екен.
Атаңа нəлет Бекежан,
Арғын елі ішінен,

Əккі болған қу екен.
Қыз Жібектің сыртынан
Көп ғашықтың бірі екен.
Баяғы ұйысқан алпыс жігіт,

Қособаның көлінде,
Қасында жүрген кезі екен.
Төлеген қашан келер деп,
Жолын тосып жүр екен.

Төлеген сол күн келмесе,
Азықтары таусылып,
Кетер күні сол екен.
Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты,
Арада неше қоныпты.
Тұлпар туған көк жорға ат
Жүз күншілік жолында

Он жеті күн су ішпей,
Жүрмей жолдан зорықты.
Мұны көріп Төлеген,
Атынан көңілі торықты.

Жүрмей қалған жерінде,
Базарбайдың Төлеген
Шұбалған шаңға жолықты.
Шаңға таман салады,

Қасына жетіп барады.
Тұс-тұстан шығып алпыс ит
Төлегенді қамады.
Базарбайдың Төлеген

Алды-артына қарады.
Бесінде жаумен алысып,
Намаздыгер болғанша
Алдырмай кетіп барады.

Атынан күш кеткен соң,
Жау ортаға алады.
Жақындап жау келгенде,
Жамандатқыр көк жорға ат

Қаталаған су ішпей,
Басын жерге салады.
Жау қаумалап келген соң,
Атынан қайрат кеткен соң,

Базарбайдың Төлеген
Тəңірге қылды наланы.
Құдіреті күшті құдай-ай,
Батар күнмен батайын.

Ең болмаса мен-дағы
Бекежанды өлтіріп,
Жастығымды ала жатайын.
Мұсылман болса осылар,

Жақсылап жауап айтайын,
Қайратым енді жазылды,
От боп жанған көңілім
Су сепкендей басылды

Жаудыр көзді жұмбаққа.
Он сегіз жаста алмаса,
Жазыпты тəңірім жазымды.
Осыны айтып Төлеген,

Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды.
Садақты қолға алады,
Толғап тартып қалады.

Зымырап оғы кетеді,
Топ арғынға жетеді.
Бəлсеніп келген бесеудің
Үшеуін жайпап кетеді.

Тағы да оғын алғанша,
Қорамсаққа қол салғанша,
Атаңа нəлет Бекежан,
Арғыннан шыққан қу екен,

Əккі болған сұм екен.
Төлегеннің артынан,
Жеткен екен жағалап,
Бір қурайды паналап,

Жақындап келіп тұр екен.
Мылтыққа білте басады,
Төлегендей мырзаның
Қанын судай шашады.

Қой құмалақ қорғасын,
Ажал болып жабысты.
Атаңа нəлет Бекежан,
Жіберген жоқ намысты.

Бекежан атқан жалғыз оқ
Маңдайдан келіп ұрады.
Атынан құлап Төлеген
Алданып қалған қорлығы-ай,

Иттердің қылған зорлығы-ай,
Толықсып жерге құлады,
Атаңа нəлет алпыс ит
Жаны өзі шықсын деп,

Жанына келмей тұрады.
Төлеген есі ауып, шалқасынан түсіп, аспанға қараса,
өзімен қоса келген алты қаз айналсоқтап, көлге қона ал-
май, айналып ұшып жүр екен. Сонда Төлеген құс та болса

осы қаздарға арманын айтып тұрған жері:
Əуелеп ұшқан алты қаз,
Етің – шекер, сорпаң – баз,
Қонар болсаң қайрылып,

Міне майдан, міне саз.
Сіздер түгіл мен өлем,
Өлмеген жанға, Құдай-ай,
Болып қалды міне жаз.

Қайыра қайтып барғанда,
Қартайған атам Базарбай
Алдыңнан шығып кеп сұрап,
Көкешім менің, Төлеген,

Көрдің бе десе, не дейсің?
Бір төсекте жатысқан,
Таласып емшек еміскен,
Тай-құнандай тебіскен

Жалғыз інім бауырым,
Алдыңнан шығып Сансызбай,
Көкешім менің Төлеген,
Көрдің бе десе не дейсің?

Ғашықтықтың зарынан,
Қособаның көлінде,
Төлеген өлді дегейсің.
Төлегеннің шамасы,

Осы сөзге келеді,
Екінші сөзге келмеді.
Атаңа нəлет алпыс ит,
Обал-сауапты білмеді.

Бір адамды опат қып,
Алпыс адам бөгелді.
Мал опасыз деген рас,
Төлеген мінген көк жорға ат

Су ішіп қанып алған соң,
Бір қарақшы алдында
Ойнақтай басып жөнелген.
Сөйтіп Төлегенді өлтіріп, ат-тонын тонап алып, сүйе-

гін жасырмай, еліне кете барды. Ендігі сөзіміз Қыз Жі-
бектің ауылы туралы болмақшы. Бекежан аулына жетті,
көк жорғаны жабулап, сылап-сипап, елге көп көрсетпей,
бағып жата берсін. Арада бір жыл өтті. Күндердің бірін-

де Сырлыбай ханның бейхабар жатқан елін қалың қалмақ
қаптап басып қалды. Бұлардың басшысы Қорен қалмақ
екен. Ел дүрлігіп, естері шығып қалды. Қорен хан Сыр-
лыбай ханға жігіттерін жібереді. Жендеттер Сырлыбайға

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері