Қыз Жібек (3-бөлім)
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 164 жол
Мені сатып сыртымнан,
Не бетіңмен сөйлейсің?
Қаршыға сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Рас, менің, Жібекжан,
Екі жорға алғаным.
Сөзімнің жөнін байқамай,
Отырып жанжал салғаның,
Екі жорға мен алдым,
Төлегенге дос болып.
Илан, маған, қарағым,
Көңілім менің қош болып,
Сегіз күндей жол жүріп,
Ерте шығып, кеш қонып,
Басыңды көтер, Жібекжан,
Кетпесін ісім бос болып.
Жібек ойланды: «Қаршыға арнайы келген екен наза-
рын салып. Бұған бір көрінбесем, сөзге қалып, ұят бо-
лар», – деп, Жібек пəуескенің есіктерін аштырып, ілгек-
терін ағыттырып, Төлегенге көрінді. Қайтадан ілгектерін
бекіттіріп, көрінбей қалды. Сол уақытта Жібектің сəулеті
Төлегенге жақты. Қасында ойнап–күліп қоса бара жатқан
үш қызы бар, өзімен төртеу екен. Сонда Төлеген Жібектің
дидарына қызығып, айтып тұрған жері:
Қыз Жібектің дидары
Жаннан асқан сəулеті,
Лəйлі-Мəжнүн болмаса,
Өзгеше екен келбеті.
Үш қызы бар қасында,
Өзі он төрт жасында.
Қыз Жібектің дидары,
Ұялтты көзді нұрлары.
Қыз сипатын қарасаң,
Нұр қызының шырағы.
Сырғалары жарқылдап,
Көтере алмай құлағы.
Бой нұсқасын қарасаң,
Пері сипат секілді.
Нұр жүзінің ақтығы,
Қыстың соңғы қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Алаулап жанған жалындай,
Білегі бар жұп-жұмыр,
Айбалтаның сабындай.
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай.
Өткірлігін байқасаң,
Ұсталар соққан кетпендей.
Жарқыраған жүзінен
Нұр төгіліп кеткендей.
Екі ауыз сөйлескен,
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл Жібектің
Өлігін адам өпкендей,
Мұратына жеткендей.
Қыз Жібекті Төлеген
Ақылымен таныпты,
Көзі солай қаныпты.
Қыз Жібектің көркі Төлегеннің көңілінен шықты. Тал
бойынан тарыдай мін таба алмай, «Қой, осыны алайын.
Енді кесірленіп, біраз əзілдеп тиісіп көрейін», – деп, Тө-
леген Жібектің қасына келіп, айтқан жері:
Басыр, басыр, басыр-ды,
Аққа құлпы жасыл-ды.
Басыңды көтер, Жібекжан,
Төлеген келді қасыңа,
Қыз басыңмен алшаңдап,
Бүйте берме, ей, Жібек,
Жұртыңа тиер кесірің.
Қыз Жібек сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Олай болса, Төлеген,
Мен жайында айтайын.
Ағыным судай ағады,
Жұртым қойдай бағады,
Менің қылған кесірім
Саған кесір болса да,
Өзіме майдай жағады.
Жалғыз атты жолаушы,
Жақындамай ары тұр.
Үстімдегі кесірлер
Саған таман барады.
Ат байлаған ақыр тас,
Арқама біткен қолаң шаш,
Қайдан келіп тап болдың
Қаңғырып өскен бір қу бас?!
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Қыз Жібек мінген күймесін,
Күймеге салып түймесін.
Сөйлегенде бүй дейді:
– Келсең келдің қасыма,
Алуа-шекер беремін.
Келмесең, ары кете бер,
Менің бар дамбалым басыңа!
Сөйтіп екеуі айрылысты. Төлегеннің көңілі көтеріліп,
ет–жүрегі елбіреп, Жібектің сөзіне есеңгіреп, «Жібекті
алмасам болмайды», – деп, Қаршыға екеуі базарға барып,
екі жүз жорға сатып алды.
Мұны Жібектің атасы Сырлыбай ханға бермек болды.
Бұлар айдап бара тұрсын. Сырлыбай ханға біреулер хабар
жеткізген екен: «Сіздің сыртыңыздан Қаршыға білдірмей
Жібекті бір жолаушыға көрсетіп жүр», – деп. Сырлыбай
ашуы келіп, он шақты жігітін дайындап: «Қаршыға мен
Төлегенді алып келіңдер, жазасын берейін», – дейді. Жі-
гіттер екеуіне барып: «Біздің ханымыз кейіп жатыр, сіз-
дерді алып кетеміз», – десті. Төлеген сонда: «Ханыңыздан
қорықпаймыз, өзіміз де бара жатырмыз», – дейді.
Сонда Қаршыға Төлегенге: «Ашулының алдынан
шықпа деген сөз бар. Мен жылқыларға көз бола тұрай-
ын. Сен өзің барып сөйлес», – деді. Төлеген Қаршығаның
сөзіне мақұл болып, тоқтамастан, Сырлыбай ханның ау-
лына келді. Үй жанында сұхбаттасып, бір топ ақсақалдар
отыр екен. Төлегеннің соларға амандасып тұрған жері:
Ассаламуалейкүм, ақсақалдар,
Сөйлесіп сəулетпенен отырғандар.
Алыстан ат сабылтып жұмыспенен,
Төлеген келді сіздерге амандасып.
Сырлыбай:
Уағалейкүмассалам, жаным балам,
Жүріпсіз ат сабылтып сары табан,
Жұмысыңыз бізде болса сөйлей бергін,
Айта бер, көңіл сізде, құлақ салам.
Төлеген:
Келе жатып ойлаймын ақыл-айла,
Ойлаған ақылым жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келген себеп,
Жібек сұлу дегеннің аулы қайда?
Сырлыбай:
Ғашықтық сəулетпенен жүргеніңіз,
Ержүрек азаматтай сөйлесіңіз.
Жібек сұлу дегеннің аулы жақын,
Бар еді онда қандай жұмысыңыз?
Төлеген:
Сөйлесіп сүйген едім Жібек қызын,
Бітпеген ешбір пенде аңдап ішін.
Қыз Жібек Төлегенге тимек болған,
Қаршыға арасында жүрмек болған,
Жүреміз ат шаршатып соның үшін.
Сырлыбай ойланып: «Жібек өзіне лайық теңін тапқан
екен ғой» – деп, Қаршығаға разы болады.
Сырлыбай:
Кешегі саудагердің өзі қандай,
Жалын көз қырық шілтеннің көзі қандай!
Бекерге Төлегенді жамандаған,
Көп дұшпан көре алмаған кегі бардай!..
Төлеген Сырлыбайға: «Сөздің қысқасы, құр аяққа бата
жүрмес, жоралғыға не аласыз?», – дейді. «Аа, бергеніңізді
аламыз», – деп жауап берді Сырлыбай. Төлеген екі жүз
жорғаны түгел берді. Сырлыбай Жібекті бермекке мақұл
болып, Төлегеннің келбетіне көңілі толып, ойын-күлкі,
тамашасын құрып, өзі басында тұрып, той қамына кірісті.
Жібек сол уақытта Төлегенге көрінбей, өзінің ақ отауын-
да жата береді. Жеңешелері Төлегенге жеңгетай даулап
келіп жатты. Төлеген қыздың жеңешелеріне бір жамбы-
дан беріп тұрды. Сол елдің ішінде Бекежан деген жігіт
Жібекке сыртынан ғашық болып жүреді, бірақ Жібекпен
сөйлесе алған емес. Сөйлесуге құмар болып, ебін таба ал-
май, іші толып, күпті болып жүрген еді.
Бекежан сол тойға келіп, жігіттерімен кеңеседі. «Ей,
жігіттер, осы Жібекті жалғыз атты бір жолаушыға беріп,
қоя береміз бе? Ең болмаса, Жібекпен ертелі-кеш сөй-