Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қыз Жібек (4-бөлім)

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 164 жол

лесіп, көріп тұрғанымыз жақсы болар еді ғой, бізге де
намыс керек қой», – дейді. Сонда көре алмай жүрген жі-
гіттер Бекежанның сөзін қоштап: «Тура айтасыз. Төлеген-
нен біз кем бе екенбіз? Қолдан келсе, бермейік», – десті.

«Олай болса, қандай тосқауыл жасаймыз?», – деді бірі.
Сонда Бекежан айтты: «Əрекет қылсақ, алып қаламыз.
Ептеп Төлегенді өлтіреміз, əйтпесе, болмайды. Бір жеңе-
шесін қолға алып, Төлегенді Жібекке алып бармақшы

болған кезде жайғаймыз», – десіп мақұлдасты. Бұл жігіт-
тердің сөзін естіп тұрған бір қария дереу Төлегенге жетіп,
айтып берді. Төлеген секем алып, Қаршығаны шақыртты.
Төлегеннің түрін көріп, Қаршығаның айтқаны:

Ей, көлге біткен құрағым,
Қандай Төлен шырағым.
Ақ отау болды кіргенің,
Қызық дəурен сүргенің.

Ешбір пенде көрген жоқ,
Бірін де сенің көргенің.
Неге қапа боласың?
Айтшы сырың, Төленім?

Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Ой, Қаршыға, Қаршыға,
Мен сырымды айтайын.

Құдай басқа салған соң,
Айтпағанда қайтейін,
Жібекке ғашық көп екен,
Айдар аңдыған неме екен.

Еліңде қанша жігіт бар,
Іші толған кір екен.
Төлегендей мырзаңды,
Өлтірейік дер екен.

Жалғыз жатқан жерімде,
Жазым болсам қайтемін?..
Қаршыға сонда сөйлейді:
– Төлеген деген мырзаны,

Өлтірем деген кім дейді?
Осы отырған Қаршыға,
Алдырып атын мінеді,
Шаңқай түсте аулына,

Төлегенді ертіп,
Тоқталмастан жөнеді.
Ерлігін енді білгізді,
Жиренбай деген үйіне,

Жаңа отау ішіне,
Ертіп барып кіргізді.
Қаршыға Жібектің ағасы Жиренбайдың үйіне Төлеген-
ді кіргізіп, көңілін жайлап кетпекші болды. Сонда Төле-

геннің Қаршығаны жібермей, сөз айтып тұрған жері:
Асу, асу бел дейді,
Аса бір соққан жел дейді.
Айналайын, Қаршыға,

Жібекті ертіп кел дейді.
Кеше бердім қос жорға,
Берейін бүгін үш жорға.
Кереметің бір көрсет,

Жігіт болсаң сен дейді.
Жүрген осы Қаршыға,
Епті жігіт, ер еді.
Төлегендей мырзаның,

Бұл сөзін мақұл көреді.
Жібекке жетіп келеді.
– Ой, Жібекжан, Жібекжан,
Тілегем сені құдайдан,

Басыр, басыр, басыр-ды,
Аққа құлпы жасыл-ды,
Қаршыға келді қасыңа,
Көтергін, Жібек, басыңды,

Ат байлаған ақыр-ды
Көз түзкендер жакыр-ды,
Жиренбай əкең үйінде,
Жаңа түскен жеңешең,

Қарағым, сені шақырды.
Жібек сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Ой, Қаршыға, Қаршыға,

Өзің шешен, батырсың,
Шешендікпен айтарсың.
Кеше алдың қос жорға,
Бүгін алдың үш жорға,

Нысап қылмай құдайға,
Тоймаған бір кəпірсің,
Ой, Қаршыға, Қаршыға,
Мінген атың қарагер,

Барайын өзім, бара бер.
Шақырғанда бармасам
Ақыры бір күн боламыз,
Сол жігітке қызметкер,

Жібек жайын сұрасаң,
Асыл туған анадан,
Шайы жібек кісі еді.
Кісі бойы кереует,

Алтын тақтың үстінен,
Қояндай орғып түседі.
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жалтылдап,

Алтын сəуле жүзінде,
Құнан-тайдай бой тастап,
Жан-жағын қарап кылжақтап,
Сары майдай еріліп,

Кер маралдай керіліп,
Тəңірім берген екі жас,
Бір басқанға ерініп,
Көрінген көзге дүниенің,

Баршасынан бөлініп.
Сүмбіледей жылтылдап,
Сылдырап Жібек жөнелді.
Асыл жарын көрмекке,

Қызмет қылып бермекке.
Шайы жібек Қыз Жібек,
Жалт-жұлт етіп келеді.
Сол уақытта қарасаң,

Қыз Жібектің екпіні
Өрден самал ескендей,
Қыз Жібекті бір көрген,
Шыбын жаннан кешкендей,

Сылдырап Жібек жөнелді.
Неше түрлі сəулетпен,
Іңірде шайтан көшкендей.
Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты.
Жиренбай аға үйінде
Асыл туған қыз Жібек,
Төлегенге жолықты,

Молдалар басы қосылса,
Насихат кітап оқыр-ды,
Шайы заттай қыз Жібек,
Төлегеннің мойнына

Асыла барып отырды.
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөлегенде бүй дейді:
– Келдің бе, Жібек, қасыма,

Тиісе кеттің асыла.
Кешегі сөзің қай жақта
Күнəні қойсаң басына?
Жібек сонда сөйлейді:

Қына бешпент қынадым,
Төлеген қайтер екен деп,
Асылым, сені сынадым.
Екі ғашық қосылып,

Əңгіме-дүкен құрады.
Екі перінің келбеті
Лəйлі-Мəжнүндей болады.
Екі бекзат қосылып,

Күндей балқып толады.
Екі бекзат нұрына
Көргендер қайран қалады,
Топырлаған қыз-келін

Ел жатқанша отырды,
Ұйқы келген уақытта,
Жаңа түскен жеңгесі
Күйеуге төсек салады.

Төсекті жайлап салған соң,
Екеулеп оңаша қалған соң,
Бұрынғы сөздің қысқасы,
Айтушы елдің нұсқасы,

Сөйтіп Төлеген үш ай тұрып қалды. Төлеген ел-жерін
аңсап, ата-анасын, туысқанын сағынып, өз еліне барып
келмекші болды. Сол уақытта қыз Жібек түс көріп, жеңе-
шесін шақыртып, түсін айтып тұрған жері:

– Ой, жеңеше, жеңеше,
Мінезің сенің өзгеше.
Мен бір жаман түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері