«Опасыз дүние жалған-ай...»
Шортанбай Қанайұлы · 1818–1881 · 16 жол
Опасыз дүние жалған-ай
Шортанбайды алған-ай
Қайғы басқа салған-ай
Не шара бар құдайға
Әуелде жазған пәрмен-ай.
Өлім үшін жаратты,
Әуелде адам пендені.
Мынау қалай демеңіз
Үшбу жалғанның жолдасы
Болдық несін біліп
Дүние жалған-ай.
Пенде жоқ тәуба қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғанынан соң шешіндіріп.
Қолынан қарындастың келгені сол
Көрге сап көміп қайтар көсілдіріп.