Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шортанбайдың Қарқаралыда болғаны

Шортанбай Қанайұлы · 1818–1881 · 26 жол

Осы күнгі ноғаймен атамыз бірге,
Хауа анадан жаралды.
Бейіштің дүзін көрмесін
Деген екен сараңды.
Сараң пенде кім десем,
Ноғайларға ұқсайтын көрінеді реңді
Кіргізбейтін кісіні,
Күн батқан соң бекітіп ап қораңды.
Ноғай, сенің салмасын
Мұсылманға жораңды.
Жер ортасы – Көктөбе
Ноғай ауған жерінен,
Айырылған соң жау алған
Орманбет хан ерінен,
Қазаққа кеп бай болды.
Ашуланса ноғайды,
Айдар қазақ елінен.

Қамытбай: «Ойбай, Қожа екен ғой!» – деп, өзі шығып,
қақпасын ашқызып, құрметтеп, үйіне кіргізіп, отырар-
отырмаста он топ кездеме әкеп алдына қояды. Сонда Шор
танбай:

Он топ ләңке ал лейсің,
Қоржыныңа сал дейсің.
Ендігі жыл болғанда
Шортанбай атты қожада
Сексен қойым бар дейсің, –

Шортанбай Қанайұлы өлеңдері

Барлық 28 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері