Қыз-келіншектерге айтқаны
Мұрат Мөңкеұлы · 1843–1906 · 16 жол
– Өлеңнің мен айтамын өнегесін,
Жайықтың елім жайлайды кенересін.
Ақ отау әшекейлі тігіп шетке
Бастырды алты зермен дөдегесін.
Қыздары осы ауылдың қандай шандоз,
Қонғанда атпен жаяды керегесін.
Сапырып сары қымыз қойды жолға,
Дегендей ақын-билер келе кетсін.
Өлеңге сен де жетік, мен де жетік,
Айтсаңшы жетік болсаң мендей етіп.
Мәс байпақ, жібек шұлғау, кестелі етік,
Ұштаптан киді көйлек күлтелі етіп.
Иығыңа екі үкінің жүнін тағып,
Жарасар жорға мінсең дөңгелентіп.
Шығасың қара қырға қолың сермеп.
Жиналған топ әлеумет бізді көр деп, –