Ағайынға айтқаны
Мұрат Мөңкеұлы · 1843–1906 · 9 жол
– Аға-еке, бұл баладан күдер үзбе,
Онанда мінгізетін тайыңды ізде.
Инша Алла ризықтан кенде болман,
Келіппін дүнияға қоңыр күзде.
Кесірін қысырақтың айғырдан көр,
Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр.
Баланы қуантқаннан кемімессің,
Құдайым қабыл етсін, ақымды бер, –
дейді.