Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өлім

Мұрат Мөңкеұлы · 1843–1906 · 32 жол

Ер өлмейді демеңіз,
Тал түсте қыдыр дарыған,
Уызында жарыған,
Инедей қарны ашпаған,
Еңменіп жерді баспаған,
Тақыр жерде тайласқан,
Еменнен найза сайласқан
Беріштен шықты Ағатай!
Алақандай Нарынды
Бұйрат қылып қақ жарған
Махамбет пен Исатай!
Жетірудың ішінде
Есет пенен Бөкенбай!
Сегіз арыс Адайда
Дауымшар менен Құдабай!
Сейілханды бостырды,
Қайратына шыдамай!
Бұрынғы өткен ерлердің
Қайратын айтсам мынадай!

Би өлмейді демеңіз,
Шежіредей тілі сайраған,
Сөйлесе жұртын байлаған.

Қараоразда Тоғабай,
Кәдірқұлда Жаңабай
Аузына арам салмаған,
Ортадан пара алмаған.
Жауғаштыда Қазыбек,
Қаракемпір Баймамбет,
Беріште Есет, Айтуар,
Анайы туған қарқуар,
Солардан қалған бұ дүния,
Өлімнің сондай жайты бар...

Мұрат Мөңкеұлы өлеңдері

Барлық 54 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері