Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жас қыз

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 24 жол

Қайғыландың, зарландың,
Ісіңді тастап мұңайып.
Ойнамайсың, ойлайсың,
Күлкіге салды кім айып?..

Жалғыз қалсаң бір үйде,
Өзіңді-өзің жылаттың.
Мөлдіреген көзіңді
Қайғылы жаспен бұлаттың.

Көп ойладың тыншымай,
Түнде де кірпік қақпастан,
Көзге ұйқы тығылып,
Таң жарық боп атпастан.

Жаңа піскен алмадай
Толып бір тұрған шағыңда,
Жастық қызыған көрместей,
Неге де сынды сағың да?

Қайғыға салды кім сені,
Тыныштық жүзін көрместен,
Ғұмыр бойы бітпестей,
Ажал жетпей өлместен?

Ерініңді қозғалтып,
Қай жауызды қарғайсың?
Сені бүйткен бейбақтың
Санадан жүзі сарғайсын!..

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері