Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әдемі қыз

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 24 жол

Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сүйкімді, қара нәркес көзің еді,
Мап-майда қолға жұмсақ мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы жүзім еді.

Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді,
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.

Аһ, бүгін ол көріктің бірі де жоқ,
Ақсаған, аяғыңа дәл тиген оқ,
Өкіндің, жастық, мастық ісін еттің,
Аһ ұрдың, сыртың жалын, ішің – бір шоқ.

Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағыны, тез құп алдың,
Таза ат, жақсы көрік бәрі кетіп,
Ғұмыры құтыла алмас отта қалдың.

Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған» дейді енді жақын-жатың.
Күні-түн о да, бұ да соны айтар,
Жас төкпей неғып сонда шыдар затың.

Естілер бұ жаман ат қосағыңа,
Қайнатар кінә сақтар о шағыңда,
Жүрерсің ғұмырыңша тепкі астында,
Бір кірмес шын елжіреп құшағыңа...

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері