Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қайың

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 32 жол

Қайғылы қайың!
Аяныш жайың.
Сыбырлайсың,
Дірілдейсің,
Еңкейесің,
Күбірлейсің,
Ызғарлы жел
Соққан сайын.

Үскірік аяз
Болғандай аз,
Қар да басқан
Кебінге ұсап.
Сүйекке өтер
Суық құшақ...
Қашан, қайың,
Жетеді жаз?

Суға қанып,
Жапырақ жарып,
Күн болар ма
Шайқалатын,
Жылы желмен
Жайқалатын,
Құс даусына
Құлақ салып?..

Қайғылы қайың!
Қалың уайым
Басқан сені,
Жазды ойлап.
Тұр үскірік
Боран ойнап...
Жасыңды исін
Бір құдайың!

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері