Айрылдым сенен, жан сәулем
Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 13 жол
(Гетеден)
Айрылды сенен, жан сәулем,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.
Жапанда жалғыз жолаушы,
Аспанда торғай жырласа,
Көзі көкте, тілегі –
Көріп жақын, тыңдаса...
Мен де сондай қапамын,
Тоғайға, қырға қараймын.
Қайғымен жалғыз күңіреніп,
«Жан-жарым!» – деп жылаймын.