Шылым
Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 18 жол
Қолда шылым,
Тартып, күлін
түсіремін табаққа.
Кейде ұмытып,
Түтін жұтып,
жіберемін тамаққа.
Өмір – бұлақ,
Үміт – құрақ,
Жүзейін деп түсемін.
Дәл түсерде,
Су кешерде
Ұмытып, су ішемін.
Кейде ұмытып,
Түтін жұтып,
Шашаламын, жөтелем.
Өмір – құрақ,
Үміт жырақ...
У ішемін де өлем!