Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Екі бетің, сұлу қыз...»

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 9 жол

(Гейнеден)

Екі бетің, сұлу қыз,
Розадай ойнап, жанып тұр.
Жас жүрегің бірақ мұз,
Жүрегімді қарып тұр.

Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері