Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ұлбосын

Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 32 жол

Бауырсақ мұрны пұштиып,
Бесікте жатты Ұлбосын.
Әкесінің ойында:
«Ұлбосыным пұл босын!..»

Тышқан көзі сықсиып,
Ойнап жүрді Ұлбосын.
Әкесі енді жиірек
Ойлап жүрді: «Пұл босын!..»

Бүйрек беті бұлтиып,
Шолпы тақты Ұлбосын.
Күлім қақты әкесі,
Ойға батты: «Пұл босын!..»

Салмақты қыз боп ақылды,
Он бірге жетті Ұлбосын.
Мал алуға әкесі
Құдаға кетті: «Пұл босын!..»

Бауырсақ мұрын, бүйрек бет
Он беске келді Ұлбосын.
Әкесі ойды иректейд:
«Отыра түссін, пұл босын!..»

Ирек боп қалды-ау ой шіркін,
Пұл болмады-ау Ұлбосын.
Ұлбосын биыл естіпті:
«Енді әйелге жол босын...»

Естіпті де досына:
«Мән-жай мынау... ал досым...» –
Депті. Сөйтіп, сол түнде-ақ
Кетіп-ақ қалған Ұлбосын.

Бұрқырап отыр әкесі:
«Күл болмаса, бұл босын!»
Мен не деймін, қалқам-ау,
Жол босын деймін, жол босын.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Барлық 279 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері